Екі аптада ахуал жақсармаса, Мамин орнын босата ма?
Коронавируспандемиясы кезінде Үкіметтің және әкімдердің қабылданған шаралардытүсіндіруінде олқылықтар бар.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтіңкеңейтілген отырысында айтты.
«Олардың қоғам пікірімен тиісті деңгейде жұмысістей алмай отырғаны байқалды. Бас санитарлық дәрігердің пікіріне ешкім құлақасқан жоқ. Кәсіби дағды мен ұйымдастыру жұмысы жеткіліксіз болды. Нәтижесіндебіз гуманитарлық көмек алып, шетелдік мамандарға кеңестері үшін алғыс айтыпотырмыз», — деді Қ.Тоқаев.
Соныменқатар коронавирусқа қатысты әдістеменің жиі өзгеретініне қатысты сын айтты.«Тағы бір кемшілік. Біз жұмыстың тәсілдерін үнемі өзгерте береміз. Бұрынғыбасшылық аяқ астынан науқастарды симптомды және симптомсыз деп бөлу керек депшешті. Қазір бұл әдістемеден бас тарттық. Міне, осындай әрекеттер халықарасында күмән туғызады», — деді ол.«Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы уақыттыңжеткілікті болғанына қарамастан, індетпен күреске тиісті деңгейде әзірленеалмады. Науқастар саны және басқа да көрсеткіштер бойынша олардың жасағанбарлық болжамдары қате болды. Бұл мәселеге қатысты Үкімет тарапынан да өрескелқателіктер жіберілді. Мұны ашық айту керек. Дағдарыс кезінде цифрландыруқызметінің де рөлі мүлде байқалған жоқ. Цифрлық комиссарлар қандай жұмысбітіріп жатыр?», — деді Президент.
Бұлтөтенше жағдай болғандықтан, пандемияға қатысты барлық шешімді жедел қабылдаукерек екенін айтып өтті.
«Денсаулықсақтау министрінің ұсыныстары мен талаптары Үкіметтің өзге мүшелері мен әкімдерүшін бірінші кезекте орындалатын міндет болуға тиіс. Бір сөзбен айтқанда,пандемия кезінде Денсаулық сақтау министрін ерекше мәртебеге және құзіретке иедеп есептеңіздер. Министрлікке пандемиямен күрес жөніндегі күнделікті есептіңжәне ақпараттың берілуін қамтамасыз етуді Үкімет пен әкімдіктерге тапсырамын», — деді Қ.Тоқаев. Қалыптасқан ахуал екі аптадан кейінжақсарады деп үміттенетінін айтып өтті. «Олай болмаған жағдайда жалпы Үкіметтіңосы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайды», — деді Мемлекетбасшысы.