17.05.2019, 20:17
217
Аякөз ауданы Ақтоғайкентіндегі бір мектепте, бір сыныпта оқитын екі оқушы бірінен кейін бірі асылыпқайтыс болды. Қайғылы жағдайдан бері бір жарым ай өтсе де, не аудан басшылығы, неаудандық білім бөлімі, не жергілікті полиция баспасөзге хабар бермей үнсізотыр. Мән-жайды білуге Ақтоғайға арнайы бардық.
–Бұлекі оқиға да біз үшін өте ауыр тиді. Бұрын-соңды мұндай жайсыз жағдайды бастан өткермегенедік. 9-сынып оқушысы Дастан Дәулетұлы 22 наурыз күні мойнына жіп салып, өзінажалға қиды, ал 12 сәуір күні оның сыныптасы Айзат Жұматаева дәл солай қайтысболды, – деді біздіңкелісімізге қуанбағанАқтоғай кенті әкімініңорынбасарыД.Тұрсынғазықызы.
Осы жағдайға қатысты қылмыстық істің ашылған-ашылмағанынбілмекке учаскелік полиция пунктіне де бас сұқтық.Алайда полиция қызметкері басшылықтыңрұқсатынсыз ақпарат бере алмайтынын айтты. Сөйтті де, «рұқсат алу үшін облыстықішкі істер департаментіне арнайы хат жазу керек» деп кеңес берді.
Мектепке барып, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нәзира Алпысбекқызынанбілгеніміз – бастығы Айгүл Ахманқызы аудандық білім бөлімінде өтетін екі оқушыныңөліміне қатысты кезекті жиынға кетіпті.
Ал тәрбие ісіне жауап беретін орынбасар осы оқиғаданкейін қызметінен босатылып, пән мұғалімі қызметіне төмендетілген екен.
–Екеуінің де оқу үлгерімдері жақсы, қоғамдық істерден қалыспайтын балалар еді.Екеуінен бірдей айырылып қалармыз деп кім ойлаған? Мінез-құлықтарынан да ешқандай ерсілік көрмейтінбіз,– дейді Н.Алпысбекқызы. «Алсонда не себеп?» деген сұрағымызға «отбасындағы тұрмыстық жағдайлар шығар» дегендей екіұштыжауап қатты.
Ауданнан, облыстан келген тексерулер мен түсіндіру жұмыстарынанкейін бе, мұғалімдер мен оқушылар марқұм Дастан мен Айзатқа қатысты сұрақтарғажауап беруден қашқақтайды екен. Сынып жетекшісімен сөйлеспек едік, дәлізде жүргенәріптестері «анда кетті», «мында кетті» деп, жік-жапар бола қалды. Ал өздері «директордың рұқсатынсыз пікір айта алмаймыз» деп таусылды.
«Ешкімдікінәлай алмаймыз, бірақ...»
Дастанның әкесі Дәулетжан үйінде екен. Көңіл білдіріп,келісіміздің мән-жайын айтқан соң, ептеп оқиға барысына қаныға бастадық.
– Дастан көпшіл, үнемі көңілді жүретін. Күрескеқатысып, әлсіздерге қорған болуға талпынатын. Соңғы кездері Дастаннан ешқандайоғаш әрекет байқағаным жоқ. Не бір жері ауырғанын, не әлденеге алаңдап жүргенінайтып шағымданған емес. Иә, ұрлыққа қатысы болғаны туралы әңгіме рас. Бірақ,бірден айтайын, олар төрт-бес бала қызық көріп барған сияқты. Мектептің қасындағы дүкеннен «чипсы», «колбаса», «напитоктар» алған. Бұл былтырғы қазанайында болған оқиға. Дүкен иесі шығынын ұрлыққақатысы бар балалардың ата-аналарынан өндіріп алды.
Сосын,өткен жылдың соңынан наурыз айына дейін ауданға бірнеше рет апарып, тәртіптік жиындарғақатысуымызға тура келді. Мен жұмыста жүрдім, анасы ақпанда жиналысқа және барған. Сол жиналыста Мағиза деген психиатр маманалдында тұрып қалған ұлыма қатты-қатты сөздер айтыпты. «Ақтоғайлықтар үнеміосындайсыңдар, сендерді балалар колониясына жіберу керек» дегенге дейін барған.Анасы осы сөзге қатты налып келгенімен, ұлым сыр білдірген жоқ. Дәл осы жайт әсеретті деуден де аулақпын. Жалпы, Дастанныңқазасы маған да жұмбақ. Ол осы ауылдағы нағашы әжесінің үйіне барып-келіп жүретін.22 наурыз күні таңертең наурызкөжесін ішіп, үйден сол жаққа кеткен, оныкешкілікте сол үйдің қорасында асылып тұрғанын бір-ақ естідік, – деген әкесіешкімге кінә артпайтынын жеткізді.
Біз Дастанның әкесі айтып өткен психиатр Мағиза Рымжанқызыменде тілдесіп көрдік. Ол аталған жиындакомиссия мүшесі ретінде қатысқанын, балалардың бірде-біріне қатты сөз айтпағанынжеткізді.
– Түсінемін,ата-анасына баласынан айырылған оңай тимеген. Бірақ мұғалімді, мектепті,директорды, басқаларды да кінәламай тұрып, баласының тәртібіне алдымен ата-анасыжауапты ғой. Бір білетінім – Дастанның анасы да дәрігер. Депода жұмыс істейтін әкесікомиссия жиналысына да, басқа да шақыртуларға келген жоқ. Негізі, ұлының мәселесіқаралып жатқаннан кейін әкесі қатысқаны жөн еді. Екі ретінде де анасы келді.Оның үстіне дүкен тонауға балалар бір емес, бірнеше рет барған. Ұсталған соң,келтірілген шығынды төлеу қай ата-анаға да оңай тимейді. Сондай кезде отбасындатүрлі әңгіме айтылмайды емес, айтылады. Психиатр маман ретінде айтайын, Дастан өзінажалға қию туралы ойға аяқастынан бармаған. Ол көптен сондай ойда жүрген. Үйдегілеріншығынға батырғанын, ол тығырықтан шығудың өзі ауыр тигенін сезінуі, іштей өзінкінәлі санауы мүмкін. Айтқысы келгенімен, дәрменсіз күйді бастан кешіп, еркі төмендегенжасөспірім осындай қадамға баруға мәжбүр болады, – дейді Мағиза Рымжанқызы.
«Дастанныңқазасы Айзатқа қатты әсер етті...»
Дастанның ата-анасымен сөйлесіп шыққаннан соң, марқұмАйзат Жұматаеваның үйіне бет алдық.
–Дәл сол күні (12 сәуір – авт.) туыс ағамның қырқынбердік. Мектептен әдейілеп сұранып келіп, киініп, дәмханаға басына шыт байлапкелді. Мені қайта-қайта құшақтаумен болды. Бір білетінім – Дастанның қазасыАйзатыма қатты әсер етті. Ол күреспен айналысып жүргенде қызым да соған қатысуғаталпынды. Бірақ қабылданбады. Дастантуралы бұрын көп айтпайтын, қайтыс болғанда қатты жылады. Телефонынан екеуініңбірге түскен фотосын да байқап қалып жүрдім. WatsApp-тағы «авасына» қойыпалыпты. Дастан 22 наурызда қайтыс болғандаканикул еді ғой. Сәуірдің басында сабақ басталғанда Айзатым ол фотоны алыптастады. Қызымнан айырылып қаламын дегеной мүлдем болған емес. Мектепте 15-20 маусым аралығында қоштасу кеші өтетінін, арықарай Алматыға кететінімізді айтып жүргенмін. Өйткені Алматыда екі ағасы бар,маған жұмыс та табылған. Айзатты колледжге оқуға түсіреміз деп жүрдік. «Жаңа өмірбастайсың. Алматы – үлкен қала. Саған енді басқа өмір басталады» деп айтып жүрдім…Қайдан білейін, осылай болатынын… Айырылып қалдым ғой, – дейді өксігін әлібаса алмаған анасы.
Осылайша сәуірдің 12-сі күні өз үйінде Айзат ешкімге ештеңесездірместен мәңгілікке өз еркімен аттанып кете барды.
Қалай дегенмен де, бір мектептегі екі оқушының қазасы бейжайқарайтын, күнделікті өмірде бола беретін жайт емес. Ақтоғайда ұрлықтың өршіп тұрғанынтұрғындардан да жиі естідік. Полиция пункті бар болғанымен, тентектерді тыйып,тәртіпті нығайтудың нәтижесі шамалы болып тұрған сыңайлы.
Кент әкімінің орынбасары Динара Тұрсынғазықызыныңайтуынша, 439 оқушысы бар мектепте әлі күнгедейін инспектор маман жоқ.
–Тоқсаныншы жылдарда Ақтоғайдың аты шумен шықты. Сол біржақты көзқарасты жою үшінқолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Қазіргі тұрғындардың көбісі сырттан көшіпкелгендер. Полиция жұмыс істеуге тырысып жатыр, бірақ штат толық емес. Мұндағыполицейлер көршілес Қопа, Тарлаулы ауылдарын да бақылап қайтуға мәжбүр. Жасөспірімдерменжұмыс істейтін инспектор жоқ. Вакансия бар. Міне, екінші жыл болды, мектепте ондаймаман жоқ. Инспектор жастарды тарту үшін баспанасын беру керек алдымен.Келетіндер пәтерде тұрғысы келмейді. Жалақысы пәтерақы мен азық-түлігіненаспайтын болса, қай маманның құлқы болады? Жылда аудандағы жиында да, басшыларкелгенде де айтылады. Мәселе әлі шешілетін емес. Баспана учаскелік полиция қызметкеріндеғана бар. Полиция қызметкерлері отыратын орынды кеңейту керек деген соң, ғимаратымыздыңбасым бөлігін соларға бердік. Бірақ полиция қызметкерлері жетіспейді. 6495 тұрғыныбар кентке полиция, жол полициясы дегендер осындай бірдеңе болып қалғанда ғанакеледі. Біраз бақылаған болады да, қайта жөндеріне кетеді. Тоқетерін айтқанда,полиция құрамын күшейту қажет, – дейді Д.Тұрсынғазықызы.
Осылайша бір айға жетер-жетпес уақытта бір мектепте екі оқушыөздерін өлімге қиды. Себептерін қанша білуге тырысқанымызбен, сайып келгенде,жасөспірімдер арасындағы суицид көбіне тұрмыстық, отбасылық жағдайдан туындайтынтәрізді. Отбасы мұғалімді, мектептегі тәртіпті көлденең тартуға тырысатындай,ал ұстаздар ата-ананы бірінші кезекте жауапты санайтындай. Өкініштісі, біз,ата-ана, ұстаздар, жауапты қызметкерлер – бәріміз өтпелі кезеңінде шалт қимылдауғадайын тұрған бозбала мен бойжеткенді, ұлдарымыз бен қыздарымызды бір сәтке түсінугеталпыныс та жасамайтын сияқтымыз. Олар өздерін керексіз сезінген соң кетіп жатқанынтүсінгіміз келмейтіндей…
Фото автордікі.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР