11:23, 09 Тамыз 2022
Екібастұз әкімі отставкаға кетті
Екібастұз әкімі Ардақ Қаңтарбаев орынбасары парамен ұсталғаннан кейін отставкаға кетті.
Павлодар облысының әкімі Қаңтарбаевтың отставкаға кетуін қабылдады, — деп хабарлайды Жас Алаш Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес Екібастұз әкімі қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін отставкаға кетті. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Қаңтарбаевтың отставкаға кетуін қабылдап, 8 тамызда Екібастұз қаласының әкімі қызметінен босатты", — деді Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі өкілдері.
Ардақ Қаңтарбаевтың отставкаға кету туралы өтінішін қала әкімінің бұрынғы орынбасары Бауыржан Ахметовке қатысты үкім күшіне енгеннен кейін берген.