08:19, 05 Желтоқсан 2022
Екібастұзда жылу берілмеген 11 үй қалды
ҚР Үкіметі Telegram-арнасының мәліметінше, Екібастұзда апат салдарымен күрес жалғасып жатыр.
4 қараша сағат 8:00-дегі жағдай бойынша, жылу берілмеген 11 ғана үй қалған.
Пәтерлерге жылу және су тарату жүйелерін қалпына келтіру, мұзы жібітілген үйлерде тіреуіштер мен радиаторларды ауыстыру жұмыстары жүргізіп жатыр,
— делінеді хабарламада.