12:20, 30 Қараша 2022
Екібастұздағы жылу орталығын өзге өңірлерден келген бригадалар жөндеуге кірісті
Екібастұздағы жылу магистралін жөндеу жұмыстарына өзге өңірлерден келген бригадалар мен кәсіпорындар жұмылдырылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
«Үкімет пен жедел штаб мүшелері Мәметов, Шешембеков көшелерінде орналасқан тұрғын үйлерді, «Өнер» мәдениет үйін аралап көрді. Бүгін қаланың Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 17 көп пәтерлі үйді жылыту жүйелеріне қосу үшін Қазақстанның басқа өңірлері мен кәсіпорындарынан, атап айтқанда Астана, Павлодар, Қарағанды, Босшакөлден (Kazminerals) жеткен жөндеу бригадалары жұмысқа кірісті», — делінген UKIMET Телеграм каналындағы хабарламада.
Бригадалардың жалпы саны 34-тен 42-ге дейін өсті.