Экология заңнамасын бұзғандар жазаға тартылуда

Өткен айда Нұр-Сұлтан қаласындаҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметтерінің брифингі өткенболатын.
Брифингте Қазақстанда экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұлдардыңкүшейтіліп жатқандағы хабарларнған болатын. Тиісті шаралар ҚазақстанРеспубликасының жаңа Экологиялық кодексінің жобасы аясында қарастырылған.
Сондай-ақ министрлік ұлттықпарктер мен демалыс аймақтарына қоғамдық рейдтер жүргізуін жалғастырып жатыр.Бұл жердегі табиғатты қорғау саласындағы жағдайды бақылауға және қажеттішараларды жедел қабылдауға, соның ішінде заңбұзушыларға жаза қолданумүмкіндігін қарастырады. Алайда, жағдайды өзгерту үшін жалпы халықтыңэкологиялық мәдениетін көтеру қажет екендігі ескеріліп өтті. Ұлттық парктер мендемалыс аймақтарындағы рейдтерге Экология және Ішкі істер министрлігініңөкілдері, сонымен қатар экологтар, қоғамдық белсенділер, еріктілер және құқыққорғау органдары қатысады.
Елдегі осы шараларға қатыстыЭкология министрі Мағзұм Мырзағалиев:
— «Өкінішке орай, халықтыңэкологиялық мәдениеті өте төмен. Мұның дәлелі – соңғы бір айда табиғатқа дегендөрекі қарым-қатынастың өрескел фактілері. Бұл Ақтаудағы итбалықтарды ұру,Бурабайдағы қоқыс үйінділері, бұл Алматы маңындағы Первомай тоғандарындағықызыл кітапқа енген лотос гүлдерін жұлып алып, өздерінің Инстаграмына осынықуанышпен жариялау, қоқыстар, табиғат аясында от жағу, сонымен қатар бірегей Көбейтұзкөлінен тұзды әкету және сату фактілері… Бұл біздің табиғатымызға деген дөрекіде жауапсыз қатынастың аз ғана бөлігі», — деді.
Ол Көбейтұз көлін қорғаубойынша алғашқы шаралар туралы баяндады, қазір жағдай талданып жатыр. Оныңайтуынша, елдегі қоршаған ортаны қорғау саласындағы жағдайды түбегейліөзгертуге болады, ең алдымен, қазақстандықтардың экологиялық ойлауының өзгеруікерек.
Жетілдірілген заңнамаға сәйкесқарқынды жұмыстар атқарылып, заңбұзушылар жауапқа тартылып жатыр. Атап айтсақ,бір ғана Алматы облысыннан табиғат қорғау заңнамасын бұзған 761 тұлғажауапкершілікке тартылды. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөзқызметінің мәліметінше, Экологиялық жағдайды жақсарту және табиғатқа дегенқамқорлықты халыққа жеткізу мақсатында 24 шілдеден бастап қолға алынған рейдтікіс-шаралардың нәтижесінде осындай көрсеткіштерге қол жеткізіліп отыр. Алматыоблысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигіБағдат Әшімов осы жұмыстарға байланысты:
— Жұмылдырылғанбарлық қызметтер мен ведомстволардың іс-қимылдарын үйлестіру, келіп түскенақпаратты жинақтау үшін әр ауданнан мобильді топтар құрылды. Топ құрамынаучаскелік полиция инспекторлары мен аудан әкімдігінің сауда бөлімі, су-электрстанциясы, өртке қарсы қызмет және қоғам өкілдері қосылды. Іс-шара барысындақоғамдық орындарды ластау бойынша құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше көңілбөлінеді, — деді.
Сонымен, «ТазаҚазақстан» профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері 761 құқық бұзушыәкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде:
- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің204-бабы бойынша белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін – 268 адамтартылды.
- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің505-бабы бойынша абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін – 258 құқық бұз
- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің440-бабы бойынша қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді ішкені үшін – 130тұлға;
- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 434-2бабы бойынша жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 68 әкімшілік хаттаматолтырылды;
- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің382-бабы бойынша жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулауережелерін бұзғаны үшін 12 құқық бұзушы;
- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің383-бабы бойынша балық аулау ережелерін бұзғаны үшін – 12 құқық бұзушыанықталды.
Ал Солтүстік Қазақстаноблысында полиция қызметкерлері, экологтар, экологиялық прокуратура және табиғиресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бірлескен рейдтер өткізунәтижесінде ең жиі кездесетін заң бұзушылықтардың бірі алкогольдік ішімдіктердіішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарда жүру фактілері екендігі анықталды.Бұл үшін әкімшілік жауапкершілікті Солтүстік Қазақстаннан 120 адам алды. Жалпысу пайдалану ережелерін бұзудың 33 фактісі анықталды. Олардың басым бөлігі –белгісіз жерлерде шомылу, мас болу фактілері.
Рейдтердің бірінде қоқыстыЕсілдің жағасына алып шыққан 44 жастағы Петропавл тұрғыны жауапқа тартылды.Оған қатысты «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерінбұзу, сондай-ақ инфрақұрылымды бұзу, қала мен елді мекендердегі жасыл алаңдардыбұзу және бүлдіру» бабы бойынша хаттама жасалды. Яғни, жалп бір аптаның ішіндетәртіп сақшылары түрлі құқық бұзушылықтар үшін 700-ден астам әкімшілік материалжинаған.
Сонымен қатар, экологияминистрі экология заңнамасн бұзушыларға айыппұл тағайындауға қатысты былай деппікір білдірді:
— «Бізге жиі қоқыс жәшігінорнатуға қатысты ұсыныстар айтылады. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, біз қоқыстастау жәшіктерін орнатқан сайын, соғұрлым азаматтар қоқысты көп шашады. Әрнәрсені өзімізден бастайық. Мен мойындаймын, адамдарға жалпы айыппұл салудықолдайтын емеспін. Бірақ соңғы фактілерге сүйене келе, мен басқаша ойлайбастадым. Халықтың мәдениетін өзгерту қажет. Ал аймақтардағы тұрғындарға заңбұзғаны және табиғатқа жауапсыздық көрсеткені үшін айыппұл салынуы керек.Сондықтан біз кең ауқымды рейдтер ұйымдастырып жатырмыз. Екінші жағынан, бізхалықтың экологиялық ой-санасын өзгертуіміз керек, балаларға өз табиғатымызғақұрметпен қарауды үйрету қажет. Мысалы, қоқысты өзіңізбен бірге алып жүріңіз,оны өртемеңіз, балаларға өсімдіктер мен жануарларды күтуге, табиғат қорғаушараларына қатысуға, ағаш отырғызуға, кішкентай бауырларымызды қорғауғаүйретіңіз».
Сондықтан, Мемлекет басшысыБілім министрлігіне балаларды экологиялық тәрбиелеу үшін мектептерде жаңа пәненгізуді тапсырған болатын, өйткені бәрі бала кезінен басталады.
Сондай-ақ, Экологияминистрлігінің сенім телефонына стихиялық қоқыстарға қатысты осы уақытаралығында 500-лен астам қоңырау түсті. Осы шағымдардың 384-і өздігінен қоқыстөгуге қатысты, 131-і – толып жатқан контейнерлер туралы. Табиғи қоқыстартуралы ең көп хабарлама Алматы (73), Шығыс Қазақстан (46) және Қарағандыоблыстарынан (41), сондай-ақ Алматы қаласынан (44) келген. Ақмола облысы (30)азаматтардан түскен өтініштер саны бойынша «бестікке» кірген екен.
Экология министрлігі бүгіндеәкімдіктермен бірге полигондардың жартысынан көбі жойылды деп хабарлайды (282).Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Шағым түскеннен кейін ақпарат дереу жергіліктіэкология департаменттеріне, ҚР ІІМ әкімдіктері мен қызметтеріне жіберіледі,мамандар жедел тексеру орнына барып, шара қолданады, кінәлілер соның ішіндеайыппұлдардың көмегімен жазаға тартылады.
«Біздің біріккен күш-жігерімізғана біздің еліміздің қайталанбас табиғи ресурстарын сақтауға көмектеседі.Сондықтан мен журналистерге, блогерлерге, экологтарға, қоғам қайраткерлеріне,қоршаған ортаның жай-күйіне бей-жай қарамайтын барлық адамдарға – барлығымызды,соның ішінде өзіміздің мысалмен қоғамды, әрбір қазақстандықты табиғаттықұрметтеуге, оған қамқор болуға үйретуге шақырамын!», — деп қорытындыладыминистр.
Еркежан АРЫН