Экс-министр Ермекбаев Тоқаев пен қазақстандықтардан кешірім сұрады
Қазақстан Президенті – Жоғарғы бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесу өткізіп, жаңадан тағайындалған министр Мұрат Бектановты таныстырды, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы жаңа министрдің білімі мен тәжірибесі Қарулы Күштерге жүктелетін міндеттерді орындауға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Президент Арыс пен Жамбыл облысының Байзақ ауданындағыдай төтенше оқиғаларға жол бермеудің аса маңызды екеніне тоқталды. Бұл ретте Жоғарғы бас қолбасшы оқ-дәрілер қоймаларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде берген тапсырмасын әскерилердің есіне салып, бұл бағытта бірқатар жұмыстар жасалғанын, дегенмен әлі де шешімін күткен түйінді мәселелердің бар екенін айтты.
Жиын барысында отставкаға кеткен бұрынғы министр Нұрлан Ермекбаев сөз сөйлеп, Президенттен, Жамбыл облысының Байзақ ауданында болған қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың ағайын-туысынан және зардап шеккендерден кешірім сұрады.