Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:19, 10 Қараша 2023

Экс-министр Қуандық Бишімбаев туралы не белгілі?

Бишімбаев
Фото: из открытых источников

Қарашаның 9-ы күні бірқатар жергілікті БАҚ бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаныны туралы хабарлады. "Ол Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіріп, қамауға алынды" деген ақпарат желдей есті. Қазір экс-министрдің ісіне қатысты қандай деректер мәлім, бұл туралы Zhasalash.kz жазады.

Оқиға орын алған соң қалалық полиция департаменті мәлімдеме жасады. Хабарламада Бишімбаевтың ұсталғанын жазылған.

«Дәрігерлердің айтуынша, оны күйеуі мейрамханада ұрып-соққан. (...) 1992 жылы 15 мамырда туған Нүкенова Салтанат Амангелдіқызына жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қаза болған. Ал дене жарақатын салған 1980 жылы 11 сәуірде туған Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы оқиға орнында ұсталды», - деп жазды полиция департаменті.

______________________________________________________________________

BES.media телеграм-каналының хабарлауынша, әйелдің өлімін Астана денсаулық сақтау басқармасы растаған. Хабарламада қоңырау 9 қараша күні сағат 19:54-те түскені айтылған. 

Журналист Михаил Козачков Бишімбаевқа «өзінің әйелінің денсаулығына ауыр зиян келтірген, соның салдарынан қаза болған» деген күдік бар деп жазды.

ІІМ Tengrinews сайтына Астанадағы мейрамхананың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, бір әйел жарақаттан көз жұмғанын айтқан. Күдікті ұсталған, бірақ министрлік оның кім екенін айтпаған.

______________________________________________________________________

Бишімбаевтың ұсталуына қатысты ішкі істер министрінің орынбасары не дейді?

"Ол ұсталды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Сәкен Сәрсенов.

БАҚ өкілдері "Экс-министр трагедия болған кезде есірткі қолданғаны рас па, соққыға жығылған әйелге дер кезінде көмекке келмеген мейрамхана қызметкерлері жауапқа тартыла ма?" деген сауал қойды.

Алайда Сәрсенов дәл қазір ешқандай түсініктеме бере алмайтынын айтты. Тергеуді тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізіп жатыр.

Қазақстанның бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 2018 жылы наурызда сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, Бишімбаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басшысы бола тұра, Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына бөлінген миллиард теңгені жымқыру үшін қылмыстық схема ұйымдастырған. Оған құрылыс компанияларынан тапсырыс берем деп пара алды деген айып тағылды. 2019 жылдың қазан айында Бишімбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.

43 жастағы Қуандық Бишімбаев 2017 жылы қамауға алынғанға дейін мемлекеттік аппаратта және квазимемлекеттік секторда жоғары лауазымдарды атқарған. Еңбек жолының алғашқы жылдарында ол ел президенті, сол кездегі Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі қызметін атқарған.