Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:50, 28 Ақпан 2024

Экс-министр Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

Марат Бекетаев
Фото: из открытых источников

Экс-әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Астана соты хабарлады. 

"2024 жылғы 12 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті Марат Бекетаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 наурызға дейін ұзарту санкцияланды" делінген сауал хабарламада.

Былтыр 29 желтоқсанда Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі 2024 жылғы 21 қаңтарға дейін ұзартылған еді.