Экс-премьер Асқар Маминнің туыстары Лондонда және басқа елдерде қымбат пәтерлерге ие
Асқар Маминнің немере інілері Ернар мен Әлібек Лондонның танымал Bayswater ауданында пәтерлерге иелік етеді.
Бұл аудан кеңес элитасы арасында танымал, сондай-ақ ресейлік және украиналық олигархтар жиі тұрады.
Экс-премьердің ағасы Мараттың да шетелде активтері бар. Мысалы, әйелімен бірге АҚШ-та, Орландо маңында коттедж иеленген. Сондай-ақ, Майамидегі Aventura Marina Two кешенінде үш бөлмелі пәтер бар.
Сонымен қатар Дубайдағы Al Bateen Residences кешенінде құны 1 миллион доллардан асатын пәтері бар екені анықталған.
Журналист Дмитрий Шишкиннің деректеріне сүйенсек, бұл отбасының Қазақстандағы бизнесі сауда және ойын-сауық саласымен байланысты болған.
Ернар Мамин табысы жақсы бірнеше фирмаға иелік етсе, әкесі Астанадағы «Еуразия» сауда орталығын басқарған.