Экс-шенеунік әйелін ұрып-соққаны үшін 2 жылға сотталды
Атырау облысы Мақат ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Ринат Ибрагимов әйелін ұрып-соққаны үшін шартты түрде сотталды.
Тергеу мәліметінше, 2023 жылғы 31 мамырда Атырау қаласында пәтерде Ринат Ибрагимов пен және әйелі арасында жанжал болған.
Жанжал кезінде И.Р., жәбірленушінің өзіне материалдық тәуелділігін пайдаланып, осы негізде жанжал шығарып, әйелі У.А-ны оң иығынан ұстап, есікті жауып, бөлмеге кіргізген. Ешкімнің кедергі жасамайтынына көз жеткізіп, денсаулығына қасақана зиян келтіру мақсатында У.А.-ны еденге құлатқан және сол жақ санынан бірнеше рет тепкілеген, соның салдарынан жәбірленуші У.А. 5-ші омыртқасының сынуы түрінде, ығысусыз орташа ауырлықтағы зақым алған. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және басқа да дәлелдемелермен дәлелденді, делінген хабарламада.
Сот үкімімен Ибрагимов 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушінің 20 млн теңге моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, Ибрагимов жәбірленушінің пайдасына 2 млн теңге моральдық зиянды өтейтін болды.