Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:47

Экс-шенеунік Кәрім Мәсімовтің Астанадағы зәулім үйі әлі сатылмады

1
Фото: ашық дереккөз

Бұл ғимаратты инклюзивті балалар орталығына айналдыру жоспарланған еді. Сол мақсатта былтыр қыркүйекте Оқу-ағарту министрлігіне тапсырылған.

Алайда ведомство өкілдері сарайдың санитарлық талаптарға сай келмейтінін, күрделі жөндеу қажет екенін, қажетті жабдықтар жоқ және қосымша ғимарат салу керегін айтты. Министрлік бұл жұмыстарға «ақша жоқтығын» ескерткен. Сондықтан ғимаратты басқа мемлекеттік мекемеге беру мәселесі қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, былтыр аукционда Мәсімовтің сарайы 1,8 млрд теңгеге бағаланған. Кейін 300 млн теңгеге арзандатылған еді.