Экспортқа тағам өнімдерін шығаруды дереу тоқтату керек

Коронавирусты емдейтін дәрі де, сақтандыратын вакцина да жоқ.
Оның емі әзірге тек иммунитет. Ол үшін таза тамақ ішіп, күнделікті қимылда болу керек, сонда бұл індет жоламайды. Сондықтан елімізде аурумен күрес қана емес, оны жұқтырмау жолына мән берген дұрыс.
Басты міндет халықты елімізде өндірілетін таза азық-түлікпен толық қамтамасыз ету және оған қолжетімдік жасау. Ол үшін ауыл адамдарының егіс алқабына, қала тұрғындарының саяжайлар мен қосалқы шаруашылықтарына шығуына кедергі жасамай, оның орнына, ынталандыру шаралары қажет. Әкімдіктер барлық елді мекендерде көшеттер мен тұқым сату орындарының азық-түлік дүкендеріндей жұмыс істеулеріне жағдай жасаулары шарт.Экспортқа тағам өнімдерін шығаруды тоқтатып, тек ішкі «экспортпен» айналысу керек. Егіс диверсификациясын көктемгі науқаннан бастауды ұмытпаған абзал.Ауруды жеңу қымбат, ал оны жұқтырмау арзан болады!
Атамұрат ШӘМЕНОВ,
экономика ғылымының докторы, профессор