Экспорттық өнімдер қалай екшеленеді?!

Қазақстандық өнімдер арасында сапасымен, қолайлы бағасымен танымал және бірнеше рет халықаралық марапаттарға ие болғаны бар.
Қазақстандық өнім сапасымен және дайындалу технологиясымен ерекше бағаланады. Өткен 2022 жыл бойынша қазақстандық экспорттаушылар сыртқы нарыққа 122,2 миллиард доллардың өнімін шығарды. Әрине, экспортталатын негізгі өнім шикізат базасы: мұнай, газ, мыс. Дегенмен әлемдік сұраныстың өзгеруі аясында Қазақстан еліміздің экспорттық саясатын дамытудың жаңа жолдарын іздестіруде. Бұл салаларға дәнді дақылдардың экспорты, олардың туындылары, тамақ және алкоголь өнеркәсібі жатады. Сыртқы нарықта Қазақстанның өнімдері бағаланады.
Сала мамандарының пікірінше, қазақстандық өнімнің шетелдік аналогтардан басты артықшылығы – көптеген марапаттармен расталған. Сапасы, экологиялық тазалығы және сонымен бірге қолжетімді бағасы. Әлемдік нарықтағы қазақстандық өнімге сұранысты анықтайтын бес себебін айқындауға болады.
Қазақстандық өнімнің 5 артықшылығы
Ең жоғары сапа. Отандық өндірушілер бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі стандарттарын белгілеп, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыра отырып, әрбір тұтынушыны сапалы өніммен қамтамасыз етуге ұмтылады. Made in KZ маркасы бар тауарлар ең үздік әлемдік брендтерден еш кем түспейтін сапасымен сатып алушылар тарапынан жоғары бағаланады. Қазақстандық өнімнің жоғары сапасының бірегейлігі табиғи ресурстар мен инновациялық өндіріс технологияларын үйлестіре білуінде.
Бағасы. Қазақстандық өнімнің қолайлы және бәсекеге қабілетті бағасы тұтынушылық аудиторияны: экономикадан премиум сегментке дейін кең қамтуды қамтамасыз етеді. Сала өкілдерінің айтуынша, отандық өнімнің бағасы қазақстандық нарықтың шынайылығына негізделсе, экспорт өз кезегінде әлемдік нарыққа негізделген. Қазақстандық тұтынушының сатып алу қабілеті, мысалы, Германия тұтынушысының сатып алу қабілетінен ерекшеленеді. Бұл өнімнің соңғы бағасына әсер етеді, десе де оның сапасына әсер етпейді. Әлемдік брендтер қатысатын бірнеше халықаралық байқаулар мен көрмелердегі қазақстандық өнімдердің жеңістері – соның тікелей дәлелі.
Экологиялық өндіріс. Қазақстанда экологиялық өндіріс заманауи техникалық базаның, халықаралық сапа стандарттарымен расталған шикізатты өндіру және өңдеу әдістерінің, сондай-ақ жоғары сапалы шикізаттың: экологиялық таза табиғи су көздерінің, жоғары сортты астықтың болуымен қамтамасыз етіледі. Дақылдар және басқа да өнімдер. Қазақстандық өнімнің әрбір ингредиенті өз рөлін атқарады. Сонымен қатар рецепт пен пропорциялар да маңызды – оларды кәсіпорындардың технологтары мұқият тексереді. Еліміздегі көптеген өндірушілердің ЭКО сапа сертификаты бар, бұл қазақстандық бизнестің экологияға деген адалдығын тағы бір рет дәлелдейді.
Қолжетімділік. Қолжетімді баға, брендтердің танымалдылығы және жоғары сапасы қазақстандық өнімдерді тек жергілікті сауда желілері арқылы ғана емес, сонымен қатар жаһандық компаниялар арқылы басқа елдердің нарықтарына таратуға мүмкіндік береді.
Жарқын бренд. Экологиялық таза мәдениетке деген ұмтылыс көптеген қазақстандық брендтерге өз өнімдерінің жарқын және есте қаларлық бейнелерін жасауға мүмкіндік береді. Бұл өскелең ұрпақтың аудиториясын жаулап қана қоймай, сенімді сатып алушыларды Қазақстан өнімдері өз сапасымен таңғалдыратынын дәлелдейді.