«Ел алдында жүзім ашық болса деймін»

16.06.2019, 12:44

39

Амандық Ғаббасұлы, сізбен алғаш кездескендеайтқан бір сөзіңіз есіме түсіп отыр. «Мен қанша жерден әкім болсам да, біріншікезекте құрылысшымын»  деген едіңіз. Қазір аздаған қызметке қолы жетсе, асқақтапкететін замандастарымызды көріп жүрміз. Осы бір айнымас қалыпты қалай сақтапқалуға болады?

– Бұл әке-шешемнің  берген тәрбиесінен шығар. 1994 жылы қырыққатолмаған шағымда Алматыдағы Ленин ауданының әкімі болып тағайындалдым. Қуанышымменбөлісуге бірден әке-шешеме бардым. Әкемнің 84-ке  келген кезі еді. Тыста таңғы жаттығуын жасапжүр екен. «Әке, мен әкім болдым», – дедім амандасып жатып.  «Үйге бара бер, бара бер», – деді қысқа ғанақайырып. Жүзінен ешқандай да эмоция байқалған жоқ. Анама айтып ем, ол кісіқуанып, мені айналшықтып жүгіріп жүр. Аналар сондай ғой! Әкем асықпайжуынып-шайынып, дастарханбасына келгенде мені қасына отырғызып алды да, батасын берді. «Балам, енді сенәкім болдың. Әкіммін деп әкірейме, таудан асқан аспан бар. Халықтың қамын ойла.Және ашу үстінде асығыс шешім қабылдама. Ол адамдардың тағдырына әсер етеді», – деген еді. Әкемнің осы сөзін жадымнан шығарғаным жоқ, өмір сапарымдағы Темірқазыққа айналды десем де болады.  

90-жылдар ел үшінқиын кездер болды. Сол кезде ғылыми атақтың құны 2000 доллар болатын. Маған «сіздіңатыңыздан ғылыми еңбек жазып берейін» дегендер болды. Бірден бас тарттым. «Инженердеген атым жетеді» дедім. Өз басым атақтан құр алақан емеспін. «Еңбек сіңіргенқұрылысшы», «Нағыз халық әкімі» деген атаққа ие болғанмын. Егер де кандидаттықнемесе докторлықты қорғаған болсам, ғылыми жұмыспен айналысуым керек емес пе?Бастысы, оны өзің жазуың керек. Оған менің қолым тимейді. Мен жұмысқа беріліпкеткен адаммын. Өз мамандығымды сүйемін және соған адалмын.

Бізде ғылыми атағы көп шенеуніктер аз емесқой.  

– Иә, ғылыми атағыкөп шенеуніктер аз емес. Менде жоқ. Мен инженер-гидротехникпін. Осы атағым өзіме жетеді. Сонымен мақтанамын! Мен олшенеуніктерді кінәламаймын.Әркім өзі біледі. Алматыдағы көптегенғимаратты салдым – Оқушыларсарайын,  «Алатау» санаториясын, «Қазақфильмнің» «Тон» студиясын.Сол кезде Голливудқа барып, жобаны алып келіп, Қазақстанда бірінші болып салдық. Шәкен Аймановтың қазақкиносының жұлдызын жаққан кезі еді. Сол жерде қаншама ғажайып кинокартиналартүсірілді. Жас кезімізде мехнаты көп шаруалардың бел ортасында жүрдік.  

ӘкеңізҚарақалпақстанға қалай барды? Арқадан Нүкіске қоныс аударуы ХХ ғасыр басындағызұлмат жылдармен байланысты ма? 

– Әкем1910 жылы дүниеге келген. Өмірбаянында шыққан тегі шаруа отбасынан депжазылған. Төртжасында әкесінен, 12 жасында анасынан айырылыпты. Біздің атақонысымыз – Қостанай. Ата-бабаларымыз сөзұстаған,  ел басқару ісіне араласқан әйгілітұлғалар болған екен. Қазан революциясынан кейін біздің үлкен әулет көп қиындықкөрген. Әкем ешкі бағып кетіпті. 14 жасында оқуға талаптанып Саркөлден 160шақырым жолды жүріп өтіп, Қостанайға жеткен. Сол жерде комсомолға өтеді.Комсомол қатарына өткендерді Алматыға ЦК-ның ғимаратын салуға жібереді. Бұл 1924жыл. Ол уақытта ел астанасы –Қызылорда.Елорданы Алатауға көшіру үшін дайындық жұмыстары жүрді емес пе. Бар-жоғы 14 жаста болған әкей сол шаруаға атсалысқан.ЦК-ның ғимараты –қазіргі Жүргенов атындағы өнер академиясы. Талай өнер қайраткері оқып шыққан білім ордасында әкемнің қолының табықалған. Құрылыс аяқталған соң,оқимындеген балаларды іріктеп алып Қызылордадағы рабфакқа ( жұмысшы факультеті – Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жұмысшы жәнекедей шаруа жастарына білім беру  үшінашылған оқу орныред.) апарып түсірген. Сол жерде Совет Одағының Батыры атанған Төлеген Тоқтаров, академик Қарағұлов – бәрі бірге оқыған. Сыр еліндегі рабфакты аяқтағаннан кейін Самарқанд қаласындағы ауыл шаруашылығы институтына түседі. Айтпақшы, мен олжаққа барып,әкемнің барлық құжаттарын тауып алдым. Дипломында бір «төрт» жоқ. Кілең «беске» оқыған. Жоғары оқу орнын аяқтаған соң, жолдамамен Тамды ауданына аттанады. Еңбекжолын қарапайым зоотехниктен бастайды. Исмаил Юсуповтың кезінде екі аудан Өзбекстанқұрамына өтіп кетті емес пе? Сөйтіп, әкем сол жақта қалып қояды. Іскерлігінің арқасында қызметі жоғарылап,Бұхара қаласынаауысады. Қарақалпақстанның ауыл шаруашылығы министрінің орынбасарына дейінкөтеріледі. Үш колхозды қосып,КарлМаркс деген үлкен совхоз құрады. Депутат болып та жемісті еңбек етті.  Әкемнің еңбегін Шараф Рашидов бастаған солкездегі өзбек басшыларының бәрі жоғары бағалаған. 1963-84 жылдары  Қарақалпақстанды басқарған Қалибек Камалов әкемдіөзінің ұстазы санаған. Атын атамай,Аббас аға дейтін. Қалекең қазір 94 жаста. Елінің қадірлі ақсақалы. Бір жылдарымені Нүкіске арнайы шақырып, екі күн қонақ етіп, батасын берді. Мен ол кездеоблыс әкімінің орынбасары едім. Қазір сол жақтағы ағайынға«мен бата бергесін Амандық облыс басшысыболды» дейді екен. Асылы, бата алған жақсы ғой. Атам қазақ «Матаалма, бата ал» демей ме?! «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін» дейді.Алла ұзақ ғұмыр берсін. Ол кісілер  талайқиындықты бірге жеңді. Зобалаң жылдарды  бастарынан бірге өткізді. Үлкен ағамның алдында үш әпкем өмірден өтіпті. Анам марқұмтоғыз құрсақ көтерді. Содан алтауы аман қалдық қой. Қысқасы, әкем 1961 жылы «Ержігіт –туғанеліне» деп Қостанайға оралады. Туған елі құшағын жайып қарсы алған. Абайатындағы үлкен совхозды береді. Тумасынан жұмысына аса мұқият, тиянақты әкемабыроймен зейнетке шықты. Балаларына байлық тастап кеткен жоқ. Бірақ бәрімізгебілім берді. 10-сыныптаоқып жүрген кезім. Бірде үйге әкемнің ағасы келді. «Әй, Ғаббас, талай жерді кездің. Одан не таптың? СенАмандықты оқытпай-ақ қой. Одан да алдына жылқы, сиыр салып бер. Малға қарасын.Мал береке ғой. Дәулетің артады», –деді. Әкем ағасының тілін алмады. Мені бетімнен қақпай оқуға жіберді. Көптікөрген жан еді. Қазақтың болашағын ойлап қиналатын.   

Былтыр Жаңалық ауылында саясиқуғын-сүргін құрбандарына арналған музей ашылды. Соның басы-қасында өзіңізболдыңыз. Музейдің құрылысынағана емес, сол кездегі трагедияға тереңірек үңілген боларсыз?

–Музейдісалу бастамасы 2001 жылы қолға алынған еді. Мен бұл тақырыпты барыншазерттедім. Көп оқыдым. Қазір көп құжат әлі де көптеген  адамдардың қолында. Тоталитарлық жүйеніңқұрбанына айналған жандардың ұрпақтарының қолындағы құнды дүниелерді бір жергежинау керек болды. Жасыратыны жоқ, кейбіреулер оны жоғалтып та алып жатыр.  Музей біздің болашағымыз үшін керек. Бізтарихты ұмытпауымыз тиіс. Қазір ол музейде зерттеу орталығы ашылып, көптеген жұмыс жүріп жатыр. Советтер билікке келгенде әр халықты зерттеді. Қазақтар дүниеніңжарымын алып жатқан түркілердің қатарында болған жауынгер халық. Ұлы сахараныңиесі болды. Жібек жолының бойында ғаламат мәдениеттер жасалды. Жоңғарды жойыпжіберген батыр ел. Сол кездегі орталықтағылар осының бәрін білді. Сондықтан дабізге көп қиянаттар жасалды. Ұлттың көшбасшысы – зиялыларды атты. Көшпенді елді ұжымдастырып,күштеп отырықшы елге айналдырды. Миллиондардың өмірі қиылған аштық болды. Алөзбектер отырықшылыққа бейім және диқан болғандықтан, колхоздастыруда қиналған жоқ. Біздейшығынға ұшырамады. Қазақтар қынадай қырылып қалды. Соның бәрі Голощекинніңкезінде болды. Ол кезде бірінші хатшықазақ болса, екінші хатшы міндетті түрде өзге ұлттан тағайындалады. Ол орталыққабәрін мәлімдеп отыратын салпаңқұлақболатын. Тәубе,қазір азат елміз. Тәуелсіздіктенартық бақыт жоқ. Қасіретті көп көрген халықпыз ғой. Таңымыз атты. Болашағымыззор боларына сенемін. 

Құрылыс дегеннен шығады,біздің қалаларды аралағанда көзгебірден еңселі әкімшілік, прокуратура, сот ғимараттары көзге түседі. Тұрғынүйлер біркелкі, советтік қалыпта салынып жатады. Бұл біздің сәулет-құрылыс саласын өнер деңгейіндеқабылдамауымыздан ба, әлде басқа да себептер бар ма?

–Құрылысты сәулет өнері ретінде қарау үшінкешенді жұмыс атқару керек. Тек әкімшілік ғимараттар мен оның айналасына ғанакөңіл аударуға болмайды. Талдықорғанға алғаш келгенімде галстук пен костюм-шалбарды шешіп тастап, таңнан кешкедейін құрылысшыларменбірге жүрдім.Қалаға кіреберісте алдыңыздан театр, Оқушылар үйі, Жастар сарайы қарсы алады.Және тәуелсіз Қазақстанның туы желбіреп тұр. Биіктігі – 92 метр. 1992 жылы мемлекеттік рәміздер туралы заң қабылданған. Орталықалаңды Арқарлы мен Қапалдың гранитынан жасаттық. 100 жыл тұра береді. Римдегі,Венециядағы, Карловы Варыдағы алаңнан кем емес. Бір ағашты да шаппадық. Халықдемалатын орындарды көптеп аштық. Әкімшілік алдындағы субұрқақтар қосылғанда халықосы жерге келеді. Бұл жер тек мемлекеттік қызметкерлер ғана жүретін жер емес, көпшілікқыдыратын орынға айналды. Бас жоба дегеніміз – концепция. Тұрғын үй құрылысы, өндіріс жәнежасыл аймақ егжей-тегжейлі жоспарлануы тиіс.  

Мектептегідостарыңызбен араласып тұрасыз ба?

– Мектептегі,институттағы, өмір жолында табысқан достарыммен араласып тұрамын. Үнемікездесіп тұрамыз. Жәрдем көрсетіп те жүремін. Өткенде бір досым ауырып қалды.Ем-домына көмектестім. Мектептегі екі досым Ресейде тұрады. Сергей мен Саша екіжыл бұрын осы жерге келіп қонақ болып кетті. Мен мектепке бармасам, олар дабармайтын. Біздің балалық достығымыздыңсондай өз қызықтары болатын.

Достыққарым-қатынасқа сіздің лауазымыңыз әсер етпей ме?  

– Кешемаған 62 жыл бойы дос болып келе жатқан жолдасым келіп кетті. Ерсұлтан Бектұрғанов(мәжіліс депутаты)екеуміз балалық шағымызды еске алдық. Совхоздың есепшісінің  қызына ғашық болғанбыз. Бізден бір нәрсесұраса, қолымыздағыны аямай жарыса беретінбіз, бізге көңіл аударса соған мәзболамыз. Негізі,достықты сақтау өзіңе байланысты. Кейбір достарым «сіз» деп әңгіме бастасаренжимін. Достықты сақтауды үйрену керек. Достық деген – өте нәзік дүние. Әсіресе мағанқиын. Оған себеп –менің қызметім. Достарыма қатты сөйлеп қойсам, ренжіп қалған жоқ па деп алаңдаймын. Әзілімдідұрыс түсінді ме деп уайымдайсың. Достықты аялап отыру ләзім. Сергей досым Ресейден келгендеменің әкемді, шешемді есіне алады. «Анаңның қаз етінен жасаған палауының дәміәлі аузымда» дейді. Осындай естеліктер жан-жүрегіңді елжіретіп жібереді.

Әкеңіз жайлы жақсыайттыңыз. Сіздің балаларыңызбен қарым-қатынасыңыз қандай?

–Меніәкем өте қатал ұстады. Әлі есімде,институттаоқып жүрген кезім. Қостанайға жазғы демалысқа демаламын деп келген едім, совхоздыңқара жұмысына салды да жіберді. Аты есімде жоқ, бір неміс трактористің қасында топтальщик болып, қыста мал жейтін силос даярладық. Жақсы жұмыс істесем керек, механизатор екеуміз жоспарды артығымен орындағанымыз үшін аудандық газетке шықтық. Ол газетменде әлі сақтаулы. Таңғы төртте тұратынбыз. Жұмыс сағат алтыдан түннің біруағына дейін жалғасады. Бір айда 160 рубль таптым. Ол дегеніңіз – сұмдық көп ақша. Ал мен балаларымажұмсақтаумын. Алайда балаларымды еркелетіп жібергенім жоқ. Жақсы тәрбие алды.Аналарының еңбегін айтып өткім келеді. Әлі күнге дейін олардың бейәдепқылықтарын көргенім жоқ. Қолдары ашық. Немерелерім болса өмірімнің мәні. Айшадеген немерем бар. Тәтті. Астанадатұрады. Сонымен ойнағанды жақсы көремін. Елордаға барғанда бірінші немеремменойнап аламын да, сосын,үкіметтің жиналысына қатысамын.  

Волейболдан спортшеберісіз. Волейболұжымдық һәм интеллектуалды спорттың түрі. Әрбір ойыншы командаластарының алдындажауапкершіліктісезінуі тиіс. Саясатта жауапкершілікті сезінетін, сатпайтын, сенугеболатын  команда жасақтау қиын ба?

–Қолынаніс келетін, халық алдындағы жауапкершілікті сезінетін мемлекетшіл азаматтарменбірге жұмыс істегім келеді. Маңайыңда шәкірттерің болса жақсы. Сіз айтыпотырғандай, команда жасақтау оңай емес. Өте қиын. Бір адамдарды тағайындайсың, үміт ақталмай қалады. Рекомендацияарқылы кадрлық мәселе шешіліп жатады. Қателесетін кез де болады. Өзің айтқанволейболда қанша жаттығу жасатсаң да,түк шықпайтын спортшылар болады. Мемлекеттік қызметте де сондай. Әрине, өз ісіне тыңғылықты һәмжауапты шенеуніктер жоқ емес. Сондай жігіттер қызметіне лайықты болып шыққандакеудеңді қуаныш кернейді. Ең бастысы,халық мақтағанда адамтанығаныңа қуанасың. Сосын,«сені ел мақтап жатыр» деп қанаттандырып қоясың. «Жақсыныңжақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөз бар, халықтың пейілін сезінген олшенеунік тіптен жақсы еңбек ететін болады.

Бір байқағаным, қазір шенеуніктердіңқарамағындағыларға зекіп сөйлеуі қалыпты жағдайға айналды. Бұл ненің көрінісі?

–Кейдеқатты-қатты сөйлесуге тура келеді. Бірақ ешқашан да қарамағыңдағы адамға ар-намысынатиетін сөз айтпау керек. Егер айтқаныңды істемесе, жалынбайсың ғой. Сондайкезде қатал болуға тура келеді. Біздің жұмыста шұғыл шешім қабылдайтын кездерболады. Қызылағаш трагедиясын еске алыңызшы. Үлкен бағдарламаларды жүзегеасырасың. Әр іс рет-ретімен істелінуі тиіс. Сондықтан да қатал талаптар қоясың.Бірде бір шенеунік досымның қарапайым адамдармен қалай амандасқанын көріп таңғалдым. Тәкаппар, өзін тым асқақ ұстайды. Бірақ онысынбайқамайды. «Жергетүс» дедім. Ендігәріөзін бұлай ұстамаукеректігін ескерттім. Ауыр сөздер айттым. Себепсіз бақырып-шақыру дұрыс емес.

Өмірде жеткен ең үлкенжетістігім деп нені айтар едіңіз?

–Неніайтамын? Отбасым! Бала-шағамды өсіріп-өндірдім. Басты жетістігім – менің отбасым.

Сіздің сұхбатыңыздыоқып отырған «Жас Алаштың»оқырмандары туралы не ойлайсыз?

–«ЖасАлашты» халық оқитынын білемін. Сіздерді ойлы оқырман оқиды. Байсалды басылымға жазылатын жандар мемлекетшіл,ұлттың тағдырына алаңдайтын, елін сүйетін патриот жандар деп ойлаймын. «ЖасАлаш» – сөзініңдуасы бар газет.   

Мемлекеттік қызметтенкеткенде немен айналысқыңыз келеді?

–Менендігі бар уақытымды немерелеріме арнағым келеді. Өмір бойы еңбек еттім. Жылынабір-ақ рет демалысқа шығасың. Оның өзінде 15-ақ күн. 1970 жылдардың соңындажолдамамен Ялтаға барып,30 күн демалғаным бар. Балаларыма мынандай талап қойып отырмын. Енді жылына екірет немерелеріммен демалатын боламын дедім. Байтақ Қазақстанның барлық кереметжерлерін аралаймыз. Сосын,бір рет достарыммен балыққа баратын боламын. Балаларым келісті.

Талдықорғанда қаласызба?

–Білмеймін. Талдықорған облыс орталығы болғанда ең бірінші мен келгенмін. Түнгі сағат 12-де шыршалардың арасында жиналысөткізетінмін. Сол кезде Алматыға қайтқым келіп тұратын. Қазір орынбасарларым демалысболса,Алматығатартып тұрады. Мен оларды түсінемін. Бірақ «сендер халықпен бірге болуларың керек, кетпеңдер» деп айтып тұрамын. Жетісуда 18 жылөмірім өтті. Ол аз уақыт емес. Қазір Алматыға барсам, керісінше, Талдықорғанға кеткім келіп тұрады. Бұлжерде көп нәрсе жасадым ғой. Әлихан деген досым «Амандық, сен жетісулықболып кеттің»дегені бар еді. Қостанайға Шәңгі бабамның асына барғанымда «Жетісу мені біратаның баласы деп бөліп-жармай құшағына басты» деген едім. Талдықорғанда үшбөлмелі пәтерім бар. Зәулім сарайым жоқ. Балаларым Алматыда тұрады. Олар үлкен қалаға үйреніп қалған.Сондықтан солардың қасына барамын. Осында қалам деп өтірік айта алмаймын. БірақТалдықорғандағы пәтерімді сатпаймын. Бұл шаһарға келіп тұрамын. Келгендехалықтың бетіне тура қарай алатындай жүзім ашық болса деймін. Кейде келе жатқанжолыңнан бұрылып кететін кездер болады. Құдай сондайдан сақтасын.

Мемлекет мүддесіжолында еңбегіңізге сәттілік тілейміз. Әңгімеңізге рақмет.


 

 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

20.03.2020, 20:04
Әртіс әкімдер
10.03.2020, 15:30
Шыңжаңның шырғалаңға түсуі
09.03.2020, 13:56
Қарағандылық белсенді Божконы сотқа берді
03.03.2020, 17:42
Ассамблея дұрыс саясат ұстана алмай отыр
23.08.2019, 18:50
Astana Hub 5 елмен меморандумға қол қойды
14.06.2019, 04:45
Митинг: Орыстілді журналист әріптесінің үстінен полицияға шағымданды

Аңдатпа


  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38
  • Біржақты қарамайық...
    15.10.2020, 10:30
  • Жетім бала елге аманат
    13.10.2020, 10:33