Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:27, 09 Наурыз 2023

Ел дамуына үлесін қосқандар нағыз еңбек адамы!

None
None

Кеңес одағы кезінде еңбек адамының образы, болмысы ерекше жасалды. Сол кездің өлшемімен алғанда  жүз саулықтан, 150 төл алған шопанның бейнесі немесе жерді «еміп», мөлшерінен артығымен өнім алған Еңбек ері нағыз еңбек адамын елестетті.

Ал қазіргі қоғамымызда еңбек адамы кім дегенде көз алдымызға тұтас бір саланы елімізге алып келіп, оның дамуына атсалысып, ел игілігі жолында қолдана білген, халық өз мақсаты үшін қолдана алған, сол саланы айтқанда нағыз маманы ретінде көз алдыңа бейнесі келіп тұра қалатын тұлғалар еңбек адамы атануға лайық секілді!

Осы орайда сенат депутаты Нұртөре Жүсіп: «Еңбек адамы деп өзінің кәсібін терең меңгерген адамды айтуға болады. Ол – дәрігер, мұғалім, фермер, кәсіпкер болуы да мүмкін. Ең бастысы өз ісінің маманы» деген болатын. Мәселен, денеден тыс ұрықтандыру әдісін елімізге алып келген Салтанат Байқошқарова, инсульттан кейінгі сауықтыру емін елімізге алып келіп, тіпті сол саланы елімізде қалыптастыру үшін арнайы сауықтыру клиникасын да ашқан Шынар Мәлікқызы секілді тұлғалар сөзіме мысал бола алады.

Атап өтер жайт, әлемді жайлаған пандемиядан соң, ковидпен ауырып, одан соң елімізде инсульт алатын науқастар саны күрт артқан. Яғни әлемді жайлаған жұқпалы дерттің зардабын әлі тартып жатырмыз. Сол кездері ауырғанымен, жаны қалғандар бүгінде инсульт алып, саулығын қалыпқа келтіре алмай жүр. Мұндай кезде арнайы сауықтыру емінсіз денсаулықты қалыпқа келтіру де мүмкін емес. Осындай қысылтаяң кезде ашылған «Аружан» сауықтыру орталығының игілігін халық анық сезінуде. Халық тарапынан сауықтыру еміне сұраныс та арта түскен соң соңғы жылдары МӘМС арқылы медициналық сауықтыруға бөлінетін қаржы көлемі 13 есе артқан екен. Ашылғалы бері мыңдаған науқасқа медициналық қызмет көрсетіп, сауықтырып, орнынан тұруына ықпал еткен медициналық орталық қазіргі таңда халықтың сұранысына сай қызмет көлемін де арттыру үстінде.

Орталықтың директоры Шынар Мәлікқызы: «Біздің орталық сырқат салдарынан өз бетімен жүріп-тұру, сөйлеу, жұмыс істеу қабілетін жоғалтқан науқастарды аяққа тұрғызуға үлес қосып келе жатқан клиникалардың бірі. Олардың қалыпты өмірге оралуы үшін логопед, массажист, невропатолог секілді мамандар бар күш-жігерін салады. Дер кезінде кәсіби білікті маманнан ем алып, оңалтудан өткен науқастың 100 пайыз жазылып кетуіне мүмкіндігі зор. Оны күнделікті жұмыс барасында дәлелдеп келеміз. Бізге келген әрбір науқастың қалыпты өмірге оралуына барымызды саламыз. Мұны жоғары бағалаған мемлекет те қазіргі таңда көп жүктеме артып отыр. Тіпті республиканың басқа да өңірлерінен келіп ем алатындар бар. Инсульт, инфаркт, буын алмастыру, кардиологиялық операцияларға деген сұраныс артып отырған бүгінгі заманда медициналық реабилитацияның маңызы зор екені рас. Осындай қиын сәтте қолға алған дүниеміздің халықтың игілігіне асып жатқанына қуанамын» дейді.

Еңбек адамының мыңдаған адамның денсаулығын қалыпқа келтіру үшін жасап жатқан еміне халық та дән риза!

Тегтер: