Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:01, 23 Ақпан 2022

Ел қорғайды деп жүрсек, сатқын боп шықты...

None
None

Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қамауға алынды. Өткен жексенбіде астанада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалыпты.

Бір ай бұрын, 19 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Бектановты қорғаныс министрі қызметінен босатып, орнына Руслан Жақсылықовты тағайындаған еді.

Ресми ақпарат бойынша, биылғы жылдың қаңтарындағы жаппай тәртіпсіздіктер мен лаңкестік әрекеттер фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу кезінде бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов міндеттерін орындай алмады. Бас прокуратура 19 ақпанда қылмыстық кодекстің 452-бабы (билік органдарының әрекетсіздігі) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Кей ақпарат бойынша, ҰҚШҰ қарулы күштерінен көмек сұрауға бұрынғы министрдің қаңтар оқиғасы кезінде қол қусырып қалғаны себеп болған. Бір ай бұрын ҰҚК төрағасы мен басшылығы мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталды. Енді бір ақпараттар бұрынғы министр Мұрат Бектановқа да мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылды деседі. Экс-министр қаралы қаңтарда бірнеше күн бойы стратегиялық нысандардың дер кезінде қорғауға алынуын қамтамасыз етпеген, сол себепті полиция мен Ұлттық ұлан абдырап қалып, жағдай әбден ушығып кеткен-мыс. Экс-министр Бектановтың бұл тірлігі бүлікшілерге сеп болып, тіпті кейбір бейбіт тұрғындардың оққа ұшуы әскерилер жауап беретін аумақтарда тіркелген деседі.

– Бұл енді сұмдық жағдай. ҰҚК, Қорғаныс министрлігі сияқты елдің қауіпсіздігі мен қорғанысына жауапты тұлғалар сатқын болып шықты. Екінші жағынан, бұл да түсінікті. Біздегі күштік құрылымдардың бәрі дерлік «бас зейнеткердің» мүдделерін қорғаумен айналысқан еді. Сол үшін бұл құрылымдарды енді түбегейлі тазарту керек, – дейді сарапшы Қазбек Бейсебаев.

Тегтер: