«Ел ішінде дүрбелең туғызудың қажеті жоқ»: Тоқаев салық реформасы туралы
Тоқаев "Turkistan" газетіне берген сұхбатында салық саласындағы өзгерістер әлемде кеңінен қолданылады деп атап өтті. Мысалы, Ресейде қосылған құн салығы (ҚҚС) жақында 22%-ға дейін көтерілген.
Тоқаевтың айтуынша, бұрынғы Үкімет қосымша құн салығын 20%-ға дейін көтеруді ұсынған, бірақ Президент оның ең жоғарғы шегін төрт деңгейге төмендету туралы тапсырма берген.
«Дегенмен, ел ішінде дүрбелең туғызып, жұртты дүрліктірудің ешқандай жөні жоқ. Мұндай реформа көптеген елде жүргізіліп жатыр. Салық төлеу бұрын міндет болса, енді отаншылдықтың озық үлгісіне айналады. Себебі салығын адал төлейтін азаматтар өз қаржысының алаяқтардың қалтасында кеткенін мүлдем ұнатпасы анық», - дейді Тоқаев.
Айта кетейік Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлына кең көлемді сұхбат берді. Сұхбат барысында Мемлекет басшысы елдің ішкі және сыртқы саясатына, әлеуметтік-экономикалық дамуына және өзге де маңызды мәселелерге қатысты ашық пікір білдірді.