Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:40

Елде өткен жылы мыңдаған интернет-алаяқтық дерегі тіркелді

интернет
Фото: Shutterstock

Былтыр Қазақстанда интернет-алаяқтыққа қатысты 6 мыңнан астам қылмыс әшкереленді. Ішкі істер органдарының мәліметінше, бір жыл ішінде елде 27 мыңнан астам интернет-алаяқтық дерегі тіркеліп, соның 6 016-сы бойынша қылмыстар ашылған. Бұл істердің едәуір бөлігі ауыр және аса ауыр санатқа жатады.

Интернет-алаяқтық барлық тіркелген қылмыстардың шамамен үштен бірін, ал алаяқтық қылмыстарының 60 пайыздан астамын құрап отыр. Тергеу нәтижесінде мыңдаған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Ең көп кездесетін алаяқтық тәсілдер қатарында өзін банк қызметкері, полиция немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырып алдау, интернет-жарнама арқылы алдын ала төлем алу, сондай-ақ жалған инвестициялық жобалар ұсыну бар. Сонымен қатар тұрғын-үйді заңсыз рәсімдеу арқылы ақша иемдену фактілері де тіркелген.

Құқық қорғау органдары интернет-алаяқтықпен күресті күшейтіп, күмәнді қоңырауларды бұғаттау, киберқылмыстық топтарды әшкерелеу және халықаралық әріптестік аясында бірлескен операциялар жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Ведомство өкілдері азаматтарды жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге және күмәнді ұсыныстарға сақ болуға шақырады.

Тегтер: