Елдегі әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы дамыту жұмыстары

Әлеуметтік көмектің атаулылығын күшейту, еңбек белсенділігін және отбасылардың қиын өмірлік жағдайдан шығу, күш-жігерін ынталандыратын саясатқа көшу мақсатында – Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап АӘК көрсетудің жаңа форматы енгізілген болатын, онда жәрдемақы тағайындалады.
Шартсыз ақшалай көмек еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мысалы, мүгедектердің немесе егде жастағы зейнеткерлердің отбасыларына) немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептермен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына қатыса алмайтын отбасыларға беріледі. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалары бар жалғызбасты аналар. Сондықтан мұндай отбасылар үшін жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.
Шартты ақшалай көмек кемінде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға отбасын белсендірудің әлеуметтік келісімшартын жасау және отбасының барлық еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына міндетті түрде қатысуы шартымен беріледі.
АӘК беру критерийі ретінде пайыздық мәндегі ең төменгі күнкөріс деңгейі негізінде кедейлік шегі белгіленеді.
2018 жылы кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40%-дан 50%-ға, 2019 жылғы сәуірде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50-ден 70%-ға дейін ұлғайтылды.
Сонымен бірге Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап АӘК берудің қолданыстағы жүйесі түзетілді. Негізгі бағдар еңбекке ынталандыру, аз қамтылған азаматтардың кірістерін есепке алу мен мемлекеттік қолдау көлеміне қатысты ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету болып отыр.
Енгізілген шараларды іске асыру кешенді түрде жүзеге асырылады және көпбалалы отбасыларды қолдауды, жаңартылған АӘК және 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдік берілген әлеуметтік пакетті қамтиды.
2020 жылдан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан, төленетін мемлекеттік жәрдемақы әр балаға 4 АЕК сараланған мөлшерде тағайындалды.
2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша бұл жәрдемақыны 509,1 мың отбасына жалпы сомасы 138,4 млрд теңгені құрайды.
Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы жүйесі жаңғыртылды, атап айтқанда, еңбекке қабілетті АӘК алушыларға қойылатын талаптар күшейтілді. Егер олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің ұсынылған белсенді шараларынан бас тартса, отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айырылады. Учаскелік комиссиялар институты да күшейтіліп, отбасының материалдық жағдайына сауалнама жүргізу мерзімі үш күннен жеті күнге дейін ұзартылды.
2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша АӘК-ке 113,6 мың отбасы немесе 585,3 мың адам тағайындалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,6%-ға төмен.
Сондай-ақ 1 жастан 18 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасы балалары үшін мектеп жасына дейінгі балаларды азық-түлік жинақтарымен және гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуді, мектеп оқушыларын оқу орнында тегін тамақтандыруды. Қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді, мектеп формасы мен керек-жарақтарымен қамтамасыз етуді қарастыратын кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізілді.
2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттен әлеуметтік көмек алушылар саны 213,3 мың баланы құрады, оның ішінде 1-ден 6 жасқа дейінгі 150,2 мың бала, мектеп жасындағы 63,1 мың баланы құрады.