Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:47, 06 Қазан 2025

Елдің Оңтүстігінде түнде жер сілкінді

Сілкінісі
Фото: ашық дереккөз

Эпицентр Қырғызстан аумағында болған, магнитудасы — 5,9.

Дүйсенбіге қараған түн, 6 қазан күні Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі тіркелді. Оқиға туралы ақпаратты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі растады.

Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматыдан 465 шақырымдай оңтүстік-батыс бағытта орналасқан.

«Жерасты дүмпулерінің тереңдігі — 10 шақырым. Энергетикалық класы — 13,3, магнитудасы — 5,9», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Сілкініс MSK-64 шкаласы бойынша 2-4 балл аралығында сезілген.

Қай өңірлерде сезілді?

Жерасты дүмпулері Жамбыл және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Шымкент пен маңайындағы елді мекендерде байқалған.

ҚР ТЖМ хабарлауынша, жарақат алғандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.

Мамандар өңірлерде сейсмикалық бақылауды жалғастырып жатыр.

 Еске салайық, соңғы жылдары Қазақстанның оңтүстік аймақтарында сейсмикалық белсенділік артқан. Сарапшылар мұны Қырғызстан мен Тәжікстан аумағындағы тектоникалық қозғалыстармен байланыстырады.