Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:49, 10 Мамыр 2024

Елдос Сметов Париж олимпиадасына бара ма?

и
Фото: из открытых источников

Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев Олимпиадаға іріктеу кезеңіне қатысты өз пікірін бөлісті, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Ол Елдос Сметовтің Париж ойындарына бару мүмкіндігі қаншалықты екенін бағалады. 

«Бұл өте қиын сұрақ. Елдос өте беделді спортшы. Сонымен қатар, бізде оның өкшесін басып келе жатқан жас балуандар да бар. Турнирден соң жиын жасап, содан соң, әлем чемпионатынан кейін жиналамыз. Бәрі әділетті болғанын қалаймыз. Иә, бұл тақырыпты бұған дейін де талқыладық. Рейтингте кім жоғары тұрса, сол спортшыны жібереміз деген шешім де болған. Егер ұпай айырмасы алшақ болмаса, Федерация, министрлік өкілдерімен бірлесе шешеміз. Команда ішінде тағы жарыс өткізу ойымызда жоқ. Меніңше, мұндай жағдай команданың көңіл-күйіне қатты әсер етеді. Өйткені, бізде бәрі үнемі бірге жаттығады. Одан да, жауапкершілік бізде болсын. Команданы топқа бөлмейміз. Ортақ шешім қабылдаймыз. Ерлер арасында алты спортшымыз квотадан үмітті. Әйелдер арасында екі атлетіміз бар, тағы біреуін алуды жоспарлап отырмыз. Елдос әзірге рейтингте төменгі орында келеді. Алдағы турнирден соң көп нәрсе шешіледі. Қазір барлығы да оның өз қолында», - деді Житкеев olympic.kz-ке берген пікірінде.

Айта кетейік, дзюдодан соңғы рейтингілік турнирлердің бірі – Grand Slam бәсекесі 10-12 мамыр күндері елордада өтеді. 

Фото: olympic.kz

 

Тегтер: