Бүгін, 16:05
Елена Рыбакина Australian Open финалында әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, чемпион атанды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина карьерасында екінші рет Үлкен дулыға турнирінің чемпионы атанды.
Ол Australian Open финалында әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы ұтты.
Матчтың алғашқы сетінде әлемнің 5-ракеткасы саналатын қазақстандық теннисші брейк жасап, қарсыласына мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде бірінші партия 6:4 есебімен Рыбакинаның пайдасына шешілді.
Екінші сетте ойын тартысты өтті. Партия соңына дейін есеп тең болып келгенімен, 5:4 кезінде Соболенко сет есебін теңестірді — 4:6.
Шешуші үшінші сетте беларусь теннисшісі ерте брейк жасап, 3:0 есебімен алға шықты. Алайда Елена Рыбакина қатарынан бес геймді жеңіп, есепті өз пайдасына бұрып, партияны сенімді түрде аяқтады.
Оқи отырыңыз