Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:45, 17 Шілде 2023

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде 200 млн теңге табыс тапты

None
None

Әлемнің үшінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина биыл Уимблдон турнирінің ширек финалында сүрінді.

 

Отандасымыздың осы турнирдегі жалпы гонорары белгілі болды.

1/4 финалға дейін жеткені үшін ол 340 мың фунт стерлинг (197 млн 880 мың теңге) табыс тапты.

Рыбакина былтырғы Уимблдонда топ жарып, 2 миллион фунт гонорар алған. Биылғы жүлдесі былтырғы толағай табыспен салыстырғанда аз екені анық. 

Ал биыл Англия ашық чемпионатында жеңіске жеткен чехиялық Маркета Вондроушова Еленадан көп табыс тапты. Ол 2,35 млн фунт гонорар алды. Өйткені биыл жарыстың жүлде қоры 11,2 % артып, 18 649 320 еуроға жетті. 

Айта кетейік, осы жарыстың ерлер бәсекесінде бақ сынаған тағы бір отандасымыз Александр Бублик 1/8 финалға шығып, 240 120 еуро сыйақы алды. 

Тегтер: