Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:39, 15 Қазан 2022

Елімізде энергия, экология мәселелеріне көп көңіл бөлініп келеді

None
None

Энергия тиімді саясатын жүзеге асыру барысында еліміздің бірқатар өңірінде жұмыстар атқарылып келеді.

  Еліміздің энергия, экологиясын тұрақтандыру мақсатында жасалынып жатқан жұмыстарға тоқтала кетсек, жуырда орман шаруашылығы қызметкерлерінің мерекесі аталып өтті.

Жалпы еліміздің экологиясының тұрақты әрі төтенше жағдайлардан аман болуы орман шаруашылығының арқасында тиісінше аман-есен қорғалып келеді. Табиғаттың ерекше қорғалуы жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «қоршаған ортаның қазіргі жағдайы көпшілікті толғандырып отырған мәселе. Сол себептен, елімізде қоршаған ортаны қорғау жүйесіне бірыңғай экологиялық саясат қажет.  Осыған орай, Қазақстан Республикасында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды.  Бұл қоршаған ортаны қорғауға, сақтауға, жер қойнауы менен табиғи ресурстарды пайдалана алуға жауапты министрліңтің құрылуын осынау ждауапкершілікті сезінудің үлкен бір үлгісі деп білеміз» деген болатын.

Соған сәйкес, мемлекет тарапынан атаулы жұмыстар да атқарылып келеді. Бірақ табиғатты қоршауда күндіз-түні аянбай еңбек етіп жүргендердің еңбегін әсте ұмытуға болмайды. Сол үшін де Қазақстанда «Орман шаруашылығының қызметкерлері» мерекесі арнайы датаға іліккен.  Биыл мереке өз деңгейінде әр өңірде аталып өтті. Мәселен, биыл Қызылорда облысында Орманды сақтау, молықтыру және көбейтуде жылдар бойы өлшеусіз қызмет етіп, осы саланың дамуына өз үлестерін қосқан қызметкерлер Қазақстан Республикасының Экология, гелология жәнетабиғи ресурстар министрлігінің І дәрежелі, ІІ дәрежелі, Қазақстан Республикасына «Еңбек сіңірген  орман өсіруші» Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ облыс әкімінің біріншіорынбасарының алғысхаттарымен марапатталды.

Тағы бір айта кететін жайт, елімізде Орман шаруашылығы қызметкерлерінің мерекелік датасынан бөлек, қоршаған ортаны таза ұстауға, сақтауға қатысты біздің елімізден бөлек, бүкіл Дүниежүзінде «Дүниежүзілік тазалық сақтау» күні белгіленген. Соған орай, өңір-өңірлерде аптаның әр сенбісінде сенбіліктер өткізіліп тұрады. Соның ішінде Маңғыстау өңірінде «Дүнижүзілік тазалық күні» экологиялық жобасы аясында мың жарымға жуықжастар қатысқан тазалық акциясы өткізілген болатын. Сенбілік аясында 50 мыңнан астам еріктілердің қатысуымен 5 сағаттың ішінде 10 мың тоннаға жуық қоқыс жиналған.

Аты айтып тұрғандай, аталған шараның басты мақсаты, әрбір тұрғындардытазалық сақтауға, қоршаған табиғатты аялауға, табиғи ортаның тазалығына бірге атсалысуға шақыру болып табылады. Осыған орай, өз өңіріне деген жанашырлықпен қараған әрбір тұрғын 8 тонналық жүк машинасымен  барып, қоқыс тазалау, абаттандыру жұмыстарына серпін берді.

Тазалық жұмыстарына атсалысқан әрбір тұрғын риза. Осыған қатысты қоршаған ортаны қорғау және радиациялық  қауіпсіздік департаменті Ақмұрат Шерниязұлы:

Бізді тазалық жұмыстар таныстырып, достастырды. Сенбілік арқылы біз «бір жеңнен қол, бір жағадан бас ышғара отырып, бәріміз бір үйдің баласында экологияны сақтауға жұмыла атсалыстық. Жалпы «Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Сол себептен де, үйімізді ластамай, таза ұстау арқылы жауапкершілікті мойнымызға алуымыз тиіс, – дейді.

Қоршаған ортаны таза ұстауға қатысты елімізде атқарылып жатқан жұмыстар әзірге осылай өрбуде. Алдағы уақытта табиғатты қорғау, еліміздің энергия, экологиясын сақтауға, жасыл Қазақстанды дамытуда әлі де көптеген жұмыстар атқарылатынына сенімдіміз.

Тегтер: