Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:23, 30 Желтоқсан 2021

Елімізде тағы екі қала жаңажылдық отшашудан бас тартты

None
None

Еліміздің тағы екі қаласы жаңажылдық отшашудан бас тартты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтауда Ынтымақ алаңы мен қалаға шыршалар орнатылғанымен, жаңа жыл мерекесіне арналған мәдени мерекелер өткізу жоспары жоқ екенін «Лада» басылымы жазды. Жаңажылдық отшашу да болмайды, өйткені оған қаражат бөлінбеген. Басылым өткен жылы да індетке байланысты жаңажылдық отшашу мен мерекелік концерттер тоқтатылғанын еске салады.

Атырау әкімдігі Atpress.kz тілшісіне коронавирусты алдын-алу мақсатында 31 желтоқсанда қалада мерекелік отшашулар ату жоспарланбаған. Әкімдіктегілер қаланы жаңа жылдық безендіруге ақша бөлмейтіндерін айтты. Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Атырауды былтырғы жасанды шыршалармен безендіреді.

Тегтер: