Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:21, 06 Тамыз 2020

Еліміздің ақпарат саласына шынаы реформа қажет

         Қазіргідей ақпараттар технологиясы жетілген заманда, әлбетте,ақпараттан кенде емеспіз.

Дегенмен мұндағы шындық пен жалғандықты ажырата білукерек. Біздің бүгінгі қоғамға ең жетіспейтін нәрсе, өкінішке қарай, осы ақиқатболып тұр. Бүгінде халықтың үні, құлағы болып отырған бұқаралық ақпаратқұралдарының 95 пайызы тура және жанама түрде биліктің бақылауында, ал қалған 5пайызы тәуелсіз газеттер екен. Біздің елдік, мемлекеттік газеттеріміз халықтыңәрекеті мен қаракетін, кетігі мен кемшілігін асырмай да жасырмай, пәрмендітүрде бүкпесіз ашық жазатын ұлттың негізгі басылымына айналып отыр ма? Мемлекетжәне қоғам қайраткері, дипломат, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы бір кездері: «Билікақпарат құралдарын, ең алдымен телеарналарды жаппай монополизациялау арқылыжұртшылықты ақиқаттан аулақ және онымен ешбір қабыспайтын «күн тәртібін» таңғысыкеледі. Халықты ақымақ еткісі келеді. Сөйтіп, саясат өткінші пиарға, алкөкейкесті мәселелерді шешу жалаң насихатқа айналады», – деген еді. Жаны барпікір.

         Қазіргі кезде елімізде жұмыс істеп тұрған оңдағантелеарнаның арасынан тәуелсізін таппайсың. Бәрі биліктің ыңғайында. Бәрініңбағыттары бір, мақтайтын адамы да бір. Олар бүгінгі биліктің қас-қабағынақарап, жалтақтық танытатыны жасырын емес. Адымын аңдып басып, сақтық танытып,жарытымды ештеңе бере алмайды. Қоғамдағы шындықты бүркемелеп, әлеумет,саясаттың ақиқатын айналып өтіп, «бізде бәрі жақсы» деуден жалықпайды.Жоғарыдан нұсқау күткен мұндай БАҚ-тан не қайыр, не үміт? Әрине, жағымдыдүниелерді беріп тұрған жақсы. Дегенмен кемшілік үйіліп-төгіліп жатса, ондайжағымды жаңалықтардан не пайда? «Журналистердің көзді жұмып, көйіте бергеніненқоғам көктесе, ендігі АҚШ аяғымыздың астында ақшаңдап жататын еді ғой» (Ж.Сабыржанұлы).Сол айтқандай, бір қырынан ғана дәріптеу   мемлекеттің эволюциялық дамуын тежейді.Шынайы ақпарат алу мүмкіндіктері мен көздері шектелген, тек өзіне ғана ұнайтынақпаратты алуға, естуге құмартқан билік бірте-бірте ел ішіндегі жағдайданбейхабар бола бастайды, қоғамдағы, мемлекеттегі дерттің бәрі жариялылықболмаған, ашық сын айтылмайтын, демократияның ажырамас бөлігі – сөз бостандығы,ой еркіндігі болмаған жерде асқынады.

         Қоғам өз ішіндегі шынайы жағдаяттарды естімесе, білмесе,олар туралы шынайы талқылауды көрмесе одан бетер түңіле береді. Жекелегенадамдардың әділетсіз баюы, билікке бүйрегі бұрып тұратын әділетсіз сот жүйесі,экономикалық мүмкіндіктердің теңсіздігі, белсенділердің қамалуы, наразылықшерулерінің күшпен таратылуы – міне, осының бәрі биліктен көңілі қалғанадамдардың санын көбейтуде. Билікке деген сенім мен құрметтің төмендеуі, азаюы көптегенжағдайда ақпараттық саладағы дағдарыстың айқын көрінісі. Баспасөзде жарияланғандеректерге сүйенсек, халықаралық «Шекарасыз репортёрлар (Репортёры без границ)»үкіметтік емес ұйымының 2020 жылғы бірінші тоқсандағы зерттеуі бойынша 180елдің арасында Норвегия, Финляндия, Дания БАҚ еркіндігі бойынша алдыңғы үшорынды иеленсе, Қазақстан 157-ші орында тұр. Осылайша 30 жылдан бері отандықбаспасөзіміздің әлемдік демократиялық үрдіске ілесе алмай отырғанын айғақтайтынбұл көрсеткіштің алдағы уақытта оңалатынына сену қиын. Қазақ баспасөзініңдамуына үлес қосып отырған тәуелсіз басылымдар. Бүгінде жұртшылық өзгерістердіңақ-қарасын санаулы тәуелсіз газеттер арқылы біліп отыр. Әрсіз, нәрсіз болса да,билік халыққа кейбір мемлекеттік басылымдарды зорлап жаздырады. Ал ақиқатшылбасылымдарға кедергі келтіреді. Бұл үлкен қиянат. Тәуелсіз БАҚ-ты тұншықтыру жемқорлыққаодан әрі жол ашып, сонымен бірге көзбояушылыққа, қылмысқа, зорлық-зомбылыққа,жағымпаздыққа, ысырапшылдыққа жағдай жасайды. Еркін БАҚ-ты бұғаттау  тәуелсіздіктің  негізін нығайтудың орнына, керісінше,әлсіретіп, мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

         Биліктегілер «біз демократияға дайынбыз, бірақ халық дайынемес, оған жету үшін бізге талай уақыт керек» деп, халықты демократияға келгендееш нәрсені түсінбейтін, саяси сауатсыз етіп көрсету саясатын ұстанатыныбайқалып жүр. Неліктен билік «қарапайым халық демократияға дайын емес» дегендікөлденең тарта береді? Әлде ол билікке өзінің демократияға еш сыйыспайтыніс-әрекеттерін ақтап алу үшін қажет пе? Бүкіл адамзат баласы құрметтейтіндемократия принциптеріне сай келмей отырған – Қазақстан халқы емес, біздіңбилік. Біздің халқымыз демократияның шарттарына барлық жағынан – білімі жөніненде, мәдениеті жөнінен де сәйкес келеді. Демократияны таңдаған елдерде ешуақытта дәстүрді өзгертуге, тілді айырбастауға, өмір сүру салтын өзгертуге шақырмайды.Олар біздің  азаматтардың биліктің қыспақ-қысымынсызөмір сүруін қалайды. Қазақ халқын ХХІ ғасырда әкімшілдік-әміршілдік, тоталитарлықжолмен басып-жаншып басқару мүмкін емес. Сөз бостандығын басып-жаншитын жәнеазаматтардың табиғи құқыларын ескермейтін, қоғамдық өзгерістерді басқарудың ескіргенүлгісі ерте ме, кеш пе, істен шығып, мүлдем жұмыс істеуден қалады. Сондықтан биліксөз бостандығына, ой еркіндігіне қысым жасамауы керек.

         Қоғамдағы сыбайластықпен, жемқорлықпен, әділетсіздікпенкүресетін, солардың жолын кесетін баспасөз екенін мойындасақ, оған мемлекет тарапынанқудалау жасау орнына әркез қолдау көрсетілуі қажет. Халықтың шын мәнінде неойлайтынын, нені ойлап жүргенін ашық айтуына мүмкіндік беруіміз керек. Ал мұныіске асыру үшін БАҚ-тың басым көпшілігін бақылауда ұстап, бауырына басып алған,оларды уысынан шығармауға күш салып отырған, өз мүддесі үшін күллі ақпаратнарығын монополияландырып алған, сөз бостандығын тұншықтырып отырған биліктімонополиясыздандыру қажет. Бұл не деген сөз? Бұл – билік пен БАҚ-тың іргесінажыратпайынша, басылымдарға шығармашылық және материалдық еркіндік бермейінше,баспасөз әлеуеті ілгері дамымайды деген сөз, яғни бізге ақпараттық нарыққа шынайы,нағыз реформа керек. Ақпарат және қоғамдық даму министрі: «БАҚ-тың бәсекегеқабілеттілігін арттыру үшін мемлекеттік қолдаудың бірқатар тәсілдері қайтақаралады. Ең алдымен өңірлердегі мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың тиімділігінжетілдіруді қолға аламыз», – деді. БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін басылымдарды «мемлекеттік» немесе«мемлекеттік емес» деп бөлуді тоқтатудан бастау керек.

         Елімізде республикалық, өңірлік деңгейдегі 200-ден аса(орысша нұсқасын қоссаңыз, екі есе көп) ресми басылым бар екен. Алайда осыресми басылымның сапасы жұрт көңілінен шығады дегенге сену қиын. Ендеше,солардың барлығын бюджеттен қаржыландыруды тоқтатып, бәсекелестік ортада бақсынасып көруге еркін жіберетін уақыт жетті. Бұл арада әңгіме партиялық газеттертуралы емес, мәселе ел бюджетінен қыруар қаржы жұмсалып отырған мемлекеттікбасылымдар туралы болып отыр. Осы орайда, журналист-жазушы Қайым-Мұнар Табеевтің:«Қара нан мен қара суға қарап қалған кедейшіліктегі жұрттың проблемаларынжазудың орнына, әкімдердің шашбауын көтеріп жүрген қолбала басылымдардыңқоғамға не пайдасы бар? Ешқандай. Ендеше, еңсесі биік ел боламыз десек, алдыменбаспасөзімізді сауықтырайық», – дегені еріксіз еске түседі («Жас Алаш» №51, 25маусым 2020 жыл). Өз халқы сенбеген, сенбейтін бұқаралық ақпарат көздеріненкімге пайда бар? Енді өзгені емес, өзінің қамын шын ойласа, билік шылбырдыбосатып, баспасөзге еркіндік беріп, өзара бәсекеге түсуге жағдай жасауы тиіс.Бүгінгі биліктегі шенді шенеуніктер, парламенттегі депутаттар болсын пікірінашық айтуға, жариялауға газет таппай жүргендерін көрмейсіз. Керісінше, ашық,тәуелсіз басылымдардан бас сауғалап, қашып жүргендерін көресіз. Егер еркінбаспасөз көп болса, ол шенеуніктерге, депутаттарға ғана емес, баршамызға дажақсы болар еді.

Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ

                   Саудакентауылы

                   Сарысуауданы

                   Жамбылоблысы

Тегтер: