Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:13, 26 Ақпан 2024

Елімізде атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны артты

АӘК
Фото: из открытых источников

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 ақпандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 49,7 мың отбасындағы 262,3 мың адамға тағайындалғанын хабарлады. 2024 жылы бұл мақсаттарға бюджеттен 75,9 млрд бөлінбек. 

АӘК-тің негізгі мақсаты ақшалай төлемдер түрінде қолдау көрсету және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудің белсенді шараларын тарту арқылы отбасыларды қиын өмірлік жағдайдан шығару болып табылатынын еске салды.

Атаулы әлеуметтік көмек не береді:
- табысы облыстық ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспайтын азаматтарға тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек тағайындау;

- 1 жастан 6 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасы балаларына әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде қоса алғанда ай сайынғы қосымша төлем;
- Жұмыспен қамту арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, өз ісін ашуға ынталы отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жолдама беру (қажет болған жағдайда) және т.б.

Тегтер: