Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:44, 26 Қазан 2023

Елімізде қандай мамандықтарға сұраныс жоғары?

вс
Фото: из открытых источников

Оқу-ағарту министрлігі сұраныс жоғары мамандықтардың тізімін жариялады

 

 

Алғашқы ондыққа ақпараттық технологиялар, құрылыс, коммуналдық шаруашылық, педагогика және басқа да бағыттар кіреді.

Ал биыл колледж студенттерінің ең көбі яғни 40 мыңнан астамы медицина мамандығын таңдаған.

Геология, тау кен өнеркәсібі – 1 700;

Энергетика – 7 300;

Ауыл шаруашылығы – 7 500;

Құрылыс және коммуналдық шаруашылық – 8 000;

Металлургия және машина жасау – 9 200;

Жеңіл өнеркәсіп – 10 100;

Транспорт – 12 800;

Ақпараттық технологиялар және байланыс – 19 100;

Педагогика – 25 600;

Медицина – 40 400 талапкер таңдаған.

Ал HeadHunter порталының мәліметінше, сұраныс ең көп сала – сауда-саттық. Әсіресе, тұтынушылармен тікелей жұмыс істеуші менеджерлерге зәру компаниялар көп. Сонымен қатар тікелей және бөлшектеп сатумен айналысатын жұмыс орындарында да мамандар тапшы.

  • Екінші орында басқармалы есеп, бухгалтерия, кәсіпорындардағы қаржы бөлімі екен. Әсіресе қарапайым бухгалтерлерге сұраныс көп. Сонымен қатар бастапқы құжат айналымы және төлемдер мен шоттар есебін жүргізуші маман іздеуші мекемелер де алдыңғы үштікте.
  • Үшінші орында әкімшілік басқару, ұйымдастыру, үйлестіру жөніндегі қызметкерлер. Ең көп сұранысқа ие мамандық – офис-менеджерлік, іс-қағаздар мен құжат айналымы маманы. Сондай-ақ жеке көмекшілерге зәру басшылардың үлесі жоғары.