Елімізде “Қайрымдылық керуені” акция-байқауы басталды
Рухы мықты, нағыз текті адам ғана қайрат, мейірімділік пен қайрымдыоық көрсете алады. Жыл сайын елімізде бірнеше Қайрымдылық қорларының арқасында мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп келеді.
Аталған “Қайрымдылық керуені” акциясына мыңнан астам адам жиналды. Сонымен қатар, ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Қорлардың кейбір акциялары жыл сайын өтетін дәстрге айналған. Бүгін Астана қаласында “Қайрымдылық керуені” акциясы басталды. Жыл сайын өтетін дәстүрлі акцияда бірнеше қайрымды адамдар марапатталады.
“Қайрымдылық керуені” акциясы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен басталған еді. Содан бері 6 рет өтті. Оның ұйымдастырушылары жыл сайын көмекке мұқтаж отбасыларға, көп балалы аналарға көмек көрсетіп, қарттар мен балалар үйінде қайрымдылық акцияларын өткізеді, іс-шаралар ұйымдастырады. Бүгінде акция барысында дәстүрлі түрде көп балалы екі отбасыға пәтердің кілті табыс етілді. “Қайрымдылық керуені” акциясы жыл бойы жалғасын табады.
“Қайрымдылық керуені” қандай акция?
«Қайрымдылық керуені» республикалық байқау-акциясы жетінші рет өткізіп отыр. Бұған дейін бірнеше адамдар өз ісімен қайрымдылып көрсетіп, мұқтаж жандарға көмек бергені үшін марапатталып келді. Ақкция бес номинациядан тұрады. Олар:
1. Асар номинациясы. Бұл номинациямен салт-дәстүр бойынша қайрымдылық көрсеткен адамдар марапатталады.
2. "Туған жер" номинациясы. Аты айтып тұрғандай туған жерін көркейткен азаматтар аталған номинация бойынша мараптталады.
3. "Батыл жүрек" номинациясы. Бұл номинация бойынша өзінің ержүректігімен ерекше көрініп қайрымдылық көрсеткен жандар марапатталады.
4. "Мейірім жолында" номинациясы. Ерекше істерімен көзге түскен еріктілер марапатталады.
5. "Қайырымдылық тарихы" номинациясы. Бұл номинация бойынша БАҚ-та адамдарды қайрымдылыққа насихаттаған журналистер марапатталады.
Былтырғы “Қайрымдылық керуені” акциясы бойынша жеңімпаз атанғандар 26 ақпанда Астанадағы “Астана Балет” театрында марапатталған болатын. Оған қатысушылардың қатарында адамдарды өлімнен құтқаруда ерлік көрсеткендер ғана емес, жалпы адамзаттық құндылықтарды белсенді түрде нығайтып, қайырымдылықпен айналысып, ұлттық дәстүрді жаңғыртып жүрген қазақстандықтар да болды. Аталған байқауға 2023 жылы 949 өтінім берілген. Ал алты жылдың ішінде байқауға төрт мыңға жуық өтінім түскен.
Байқаудың ең жоғары наградасы – «Мейірім жолында» аталымы бойынша 1-дәрежелі медаль Павлодар облысының Шарбақты ауданынан келген Владимир Поляковқа берілді. Оның есімі өңірге кеңінен танымал. Владимир ұзақ жылдар бойы жерлестеріне демеушілік көмек көрсетіп, ауданды көркейтуге өз үлесін қосқан.
«Туған жер» номинациясы бойынша Жамбыл ауданы, Меркі ауылының тұрғыны Мария Нисонова жеңімпаз атанды. Ол кітапханашы болып жұмыс істейді. Ол туғаннан көзі көрмейді, бірақ бұл оның адамдарға көмек беруіне кедергі келтірмейді. Мария ерекше қажеттіліктері бар ауыл тұрғындарына қолдау көрсетіп, зағиптар мен нашар көретіндерді компьютермен жұмыс істеу негіздеріне, кітап оқуға, қолөнерге, дойбы мен шахмат ойнауға үйреткен.
«Асар» номинациясы бойынша 1-дәрежелі медаль Ақмола облысының Қосшы қаласынан Азамат Бақияға бұйырды. Азамат 18 жасынан бастап қазақтың ұмытылып бара жатқан музыкалық аспаптарын зерттеп, қалпына келтіріп, қайта жандандырады. Ол Қосшы қаласының Мәдениет үйінде қазақтың көне музыкалық аспаптарының мұражайын ашты, онда 1600-ге жуық аспап қойылған.
«Батыл жүрек» аталымында Шымкент қаласынан келген Марина Гафарова жеңімпаз атанды. Ол бір үйдің балалрын өрттен құтқарған. Түнде үй жанып жатқанын көрген Марина әйнекті сындырып, жалынға оранған үйге кіріп, алты кішкентай баланы өрттен алып шыққан.
«Қайырымдылық тарихы» номинациясы бойынша бірінші орын алматылық Александр Цойға бұйырды. Ол танымал блогер, музыкант және қоғам қайраткері. Александр әлеуметтік желілердегі аккаунттарында әртүрлі қайырымдылық жобаларын жиі өткізіп және мұқтаж адамдарға көмектесуді ұйымдастырушы ретінде әрекет етеді.