Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:06

Елімізде тағы бір жас фельдшер қаза тапты

жедел жәрдем

3 желтоқсан түнінде Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады. Сағат шамамен 00:40-та Алатау ауданында жедел жәрдем көлігі бұрылып жатқанда қарсы бағытта келе жатқан Kia көлігі соққан.

 Апат салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары жарақат алды. 23 жастағы фельдшер ауруханаға жеткізілгенімен, бірнеше сағаттан кейін алған жарақатына көз жұмды.

Полиция адам өліміне себеп болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Айта кетейік, 8 қарашада Астанада  тұрғын үйдің қасбеті құлап, адамдар үйінді астында қалған. Оларға көмекке бірінші болып жпткен Ұлдана Мырзуанның үстіне  кондиционер құлап кетті.

10 күн бойы дәрігерлер оны аман алып қалу үшін күресті. Ұлдана жансақтау бөлімінде «өте ауыр» жағдайда жатты. Өкінішке қарай, алған жарақаттарынан ол қаза тапты.

Кейіннен Астанада Ұлдана Мырзуанға ескерткіш орнатылатыны белгілі болды.

 

Тегтер: