Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:42, 25 Сәуір 2024

Елімізде терроризм мен экстремизмге қарсы қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

1
Фото: из открытых источников

Қазақстан терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастық халықаралық құқық нормаларына толық сәйкес жүзеге асырылуы тиіс деп санайды, сондай-ақ терроризмге қарсы шарт тетіктерін одан әрі жетілдіруді, оның ішінде Халықаралық терроризмге қарсы күрес туралы жалпы конвенцияны қабылдауды қолдайды.

 Қазіргі күнде әлемде терорлық әрекет көбейіп кетті. Әлем елдері жыл сайын терроризм және экстремизммен күресу үшін түрлі шаралар қабылдайды. Қазақстан да мүндай шаралардан шет қалмайды. Біз терроризм мен экстремизмнің алдын алу бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқандығы туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бірнеше сауал жолдадық.

Терроризм экстремизмнің бір түрі ретінде қоғамның әртүрлі салаларына, соның ішінде балалар мен әйелдерге әсер ететінін атап өткен жөн. Олардың көпшілігі лаңкестердің айла-шарғысының құрбаны болып шығады. Мәселен, әлеуметтік желілер, мектептердегі үгіт-насихат және олардың психикасына мақсатты ықпал ету арқылы балалар радикалдануға ұшырайды. Егер бұрын әйелдердің рөлі көбінесе қолдау функциясына дейін төмендетілген болса, енді олар содырларға, жалдаушыларға және кейбір жағдайларда тіпті идеологтарға айналуы мүмкін. Мысалы, биыл ҰҚК-нің мәліметі бойынша, қабылданған шаралар барысында екі лаңкестік шабуылдың алды алынды. Осы кезеңде террорлық және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін Қазақстан Республикасында 43 адам бас бостандығынан айрылды.

Бұдан бөлек елімізде террозизм және экстремизм әрекеттеріне әлі жасөспірімдер лаңкестердің қатарына қосылуда. Жастық шағы, тәрбиесі, қоршаған ортасы, дүниетанымының дамымағандығынан жастар экстремистердің қолындағы «соқыр құралға» айналып, олардың айналасында зорлық-зомбылық культі қалыптасып, адам өмірі құнсызданып, ашуланшақтық, қатыгездік, цинизм, бір-біріне деген көзқарасы қалыптасады. Өткен дүниетаныммен байланысты болғанның бәрін жоққа шығарып, жаңа, өз ойынша, әділетті көзқарастарды белсенді түрде сіңіре отырып, олар террористер мен экстремистік магнаттардың қолындағы алданған қуыршаққа айналып бара жатқандарын өздері де байқамайды. Осындай мәлелерді болдырмау үшін және халықтың терроризм идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында қырық мыңға жуық ақпараттық түсіндіру іс-шаралары өткізіліп, қазақстандықтарды радикалды илеологияны насихаттау белгілері бар интернет қауымдастықтарға қатысуға алшақтатуға бағытталған 14 мың атаулы кездесу ұйымдастырылған.

“Уәкілетті органдардың іс-қимылдарының үйлесімділігін олардың кәсібилігі мен өзара іс-қимыл деңгейін арттыру шеңберінде 600-ден астам көп деңгейлі терроризмге қарсы оқу-жаттығулар мен эксперименттер ұйымдастырылды. Сондай-ақ терроризм актілерін салдарын жою және азайту жөнінде шаралар пысықталды”, - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Терроризмнің ең көп тараған түрлері – саяси, ұлтшылдық және діни терроризм. Ұйымдастырушылар көбінесе лаңкестік әрекетті азаматтық немесе басқа құқықтарды қорғаудың «жалғыз мүмкін, ең тиімді» әдісі ретінде көрсетеді. Мақсат – билікке немесе нақты саяси көшбасшыларға олардың саясатын өзгерту үшін тікелей қысым жасау.

Сонымен қатар, терроризм жаһандық ауқымда өте тиімді бизнеске айналды. Бұл салада кәсіби жалдамалылар мен жалданған фанаттарды қамтитын дамыған «еңбек нарығы» пайда болды. Әлемдегі әлеуметтік-экономикалық қайшылықтардың өсуі, дамыған және артта қалған елдердің қарама-қайшылығы, осының барлығы жағдайды ушықтырады. Бүгінгі таңда терроризм кез келген елдің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді.

Террорлық қауіп-қатерлерге қарсы күрестің ең маңызды шарты терроризм қаупіне ымырасыз, шешуші және қатаң жауап беру. Қазақстанда террористік ұйымдардың қызметін анықтау және жолын кесу бойынша белгілі тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берген қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін террористік қауіптерден қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесі әзірленді және кезең-кезеңімен жетілдірілуде. Соңғы жылдары елімізде терроризм мен экстремизмнің алғышарттарын анықтау мен жолын кесудің заңнамалық және ұйымдастырушылық негіздерін жасау және жетілдіру бойынша елеулі жұмыстар атқарылды.

“Адамдар көп жиналатын орындарды терроризмге қарсы қорғау, Қазақстан Республикасы үкіметінің 6 мамыр 2021 жылғы 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал нысандарды терроризмге қарсы қорғауға қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асыралатынын ескертеміз. Ықтимал террорлық қатерлер кезінде азаматтардың іс-әрекеттері туралы жаднамалармен (кепілге алу кезіндегі әрекет, эвуакуация кезінде ақпарат алу, жарылыс қаупі бар затқа ұқсас затты табу және тағы басқалар) Қазақстан Республикасы терроризмге қарсы орталығының интернет ресурсында танысуға болатыны атап өтеміз”, - деп атап өтті ҰҚК.

Тегтер: