Елімізде волонтерлердің белсенділігі жылдан-жылға артып келеді

Еріктілер мен еріктілер қозғалысы қазіргі таңда танымал. Елімізде волнтерлер мен волонтерлік топтардың белсенділігі мен қоғамдағы рөлі жылдан-жылға артып келеді. Негізі, Қазақстанда волонтерліктің серпін алып, дами бастауы 2000 жылдары басталды.
Себебі, дәл сол кезде мемлекеттік емес ұйымдар қарқын ала бастады. 2010 жылы Ұлттық волонтерлік желі құрылып, ол өз кезегінде азаматтардың бірлестігі ретінде жұмысқа кірісті. Олардың мақсаты қоғамда еріктілік мәдениетін қалыптастыру болатын. Әрі волонтерлік қозғалысты дамытып, оны басынан аяғына дейін қолдау үшін жұмыс істейді.
Еліміздің түкпір-түкпірінде осы бастама жандана бастағандықтан, 2016 жылы еріктілердің жұмысы заңнамалық тұрғыдан реттелді. Ал содан екі жыл өткен соң, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі QazVolunteer.kz. сайтын құрды. Аталған онлайн платформада еліміздегі еріктілер қозғалысы мен онда атқарылып жатқан істер туралы толыққанды ақпарат беріледі. Әрі өткізіліп жатқан акциялар мен басқа да іс-шаралардың барысы хабарланып, түсміндіріліп, көрсетіліп отырады.
Ал қазіргі ресми мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 3 572 еріктілер қозғалысы бар. Олардың бәрі де ресми түрде тіркеліп, жұмыс істеуде. Мұнда жалпы саны 60 мың ерікті қоғамдық жұмыстарды белсенділік танытып, жұмыс істейтін. Ал соңғы үш жылда олардың қатары төрт есеге дейін артты деген мәліметтер бар. Қазіргі таңда елдегі еріктілер саны 200 мыңнан асып жығылады.
Еріктілер қозғалысы өскен сайын бұл мәселе жқніндегі заңнама да өзгерістерге ұшырап жатыр. Мәселен, 2022 жылы қосымша бірқатар мәселелер қайта қаралды. Өткен жылы да еріктілер туралы заңнамаға өзгерістер енгізілді. 2023 жылы енгізілген жаңашылдықтарға сәйкес, ендігіде QazVolunteer.kz сайтын аресми тіркелу үшін қызмет түрлерінің бір бағытын таңдау міндеттеліп отыр. Тіркелуден бөлек, осы реестрден шығудың да жаңа талаптары пайда болды. Еріктілерге жұмысқа орналасарда және жоғары оқу орындарында артықшылықтар беріледі, және жатақхана алуда жеңілдіктер міндетті түрде қарастырылады.
Заңда еріктілер қаржылай немесе басқа да материалдық көмек беретін заңды немесе жеке тұлғалармен келісім-шарт жасалуы керек екені де қарастырылған. Қазіргі таңда осындай көмектер көрсететін еріктілік пен қайырымдылықты үштастырып жүрген жастарымыз, азаматтарымыздың қатаыр артып келеді. Одан бөлек, экологиялық еріктілер, әлеуметтік саладағы белсенділер, медиға немесе жануарларға, спортқа немесе корпоративтік салаға бағытталған өз алдына мақсат қойған еріктілер қозғалыстары да дамып келеді.