Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:46, 13 Қазан 2023

Елімізде заңсыз құрылыс қашан тоқтайды

Өнеркәсіп және құрылыс
Фото: из открытых источников

Министрдің айтуынша, жаңа бақылау механизмі жақында ғана енгізілді

 

Елорда өткен брифингте заңсыз құрылысқа жол беру және онымен күресу мәселелері көтеріліп, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

«Бұл жерде мәселе бақылау функциясына қатысты. Биыл қала құрылысы сараптамасының тетігі енгізілді. Бізде мемлекеттік сараптама қалалық жоспарлаудың құжаттарға сәйкестігі туралы қорытынды береді. Демек, әкімдік құрылыс салуға жерді беру процесін бақылайды және құрылыс бас жоспарға сәйкестігі қатаң бақылауда болады. Құрылыс саласында мәселе бар екенін түсінемін. Учаскелерді бөлу кезінде белгілі бір асыра пайдалану бар. Қазір бізде бір бақылау механизмі бар, енді жоспарлаудың аясынан тыс жұмыс істеу керек болады», - деді министрі баспасөз мәслихатында.

Министр Қанат Шарлапаевтың айтуынша, бақылау механизмі жақында ғана енгізілген. Олар мемлекеттік сараптама мекемесінде келісімнен өтеді.

«Егер құрылыс нысаны қаланың бас жоспарына сәйкес келмесе, біз онда келісім бермейміз. Бұл жерде мемлекеттік сараптама шеңберінде министрлік пен әкімдіктер арасында өзара іс-қимылды жолға қою керек. Біз мәселенің барын мойындаймыз және шектеулер қоюға тырысамыз. Нәтижесі шықпаса қайта қараймыз», - дейді ол.