13:01, 20 Қазан 2023
Елімізде жұмыртқа бағасы өсті
Ұлттық статистика бюросы 1 апта ішінде республикада жұмыртқаның бағасы орташа есеппен 1,4%-ке өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Атырау қаласы бойынша 10-17 қазан аралығында бұл тауар бағасына бірден 8,2% қосылған. Қаладағы күрт өзгеріс бойынша 26 қыркүйек пен 3 қазан аралығында +6,8% тіркелген.
Мұның себебі қаладағы жалғыз құс фабрикасының мәселелерімен тікелей байланысты. Мамандар қазіргі таңда Ресейден тауар әкелу қиынға соғатынын айтқан.
Атырауда жұмыртқаның бағасы өндірістің азаюы аясында өсіп жатыр. Өңірдегі көлем былтырғы барлық үш тоқсанындағы көрсеткіштермен салыстырғанда тұрақты түрде төмендеп, тоғыз айдың қорытындысы бойынша 73%-ке қысқарды, — делінген хабарламада.