Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:11, 25 Наурыз 2025

Еліміздегі жер комитетінің міндеттері кеңейтілді

ауыл шаруашылығы жерлері
Фото: из открытых источников

Қазақстанда Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару комитетінің функциялары кеңейтілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.

«Қазақстан Ре  спубликасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті туралы» ережеде (...): 15-тармақ 84-16), 84-17), 84-18) және 84-19) тармақшалармен толықтырылсын» деп жазылған Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығында.

Атап айтқанда, комитетөзіне тиесілі міндеттерден басқа:

• 84-16) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды жүргізеді;

• 84-17) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды айқындайды;

• 84-18) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

• 84-19) өз құзыреті шегінде айқындалған климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бақылайды/бағалайды және мониторинг пен бағалау нәтижелері бойынша осы шараларды түзетеді.

Тегтер: