Еліміздің экс-президенттерінің денсаулығы мен жеке өмірі туралы ақпарат мемлекеттік құпияға жатқызылмақ

Қазақстанның экс-президенті мен оның отбасы мүшелерінің денсаулығы мен жеке өмірі туралы ақпарат мемлекеттік құпияға жатады және оны таратуға тыйым салынады.
Сенат бейсенбі күні жалпы отырыс барысында заңнамаға тиісті түзетулерді екі оқылымда мақұлдап, құжат Қасым-Жомарт Тоқаевқа қол қоюға жіберілді.
Мемлекеттік құпияға қатысты түзетулер басқа заң жобасына енгізіліп, жиында талқылау барысында олар мүлде айтылмаған. Оның үстіне үкімет те, парламент мүшелері де журналистерге бұл ақпаратты неліктен құпиялау қажет екенін түсіндіре алмаған.
"Мемлекеттік құпиялар туралы" заңына барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызметтер саласындағы мемлекеттік құпияларға Қазақстан президентінің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырылуы, күштері, құралдары мен әдістері туралы, президенттің денсаулық жағдайы мен жеке өмірі туралы мәліметтерді, Қазақстанның бұрынғы президенттерінің және олардың отбасы мүшелері туралы дәл сондай мәліметтерді қосу бойынша толықтырулар енгізіледі", – деп жазылған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының қорытындысында. Мемлекеттен қаржыландырылатын", - деп жазылған.
Экс-президент Назарбаев 2019 жылдың наурыз айында қызметінен кетті, бірақ көптеген артықшылықтарды сақтап қалды. 2022 жылғы қаңтардағы наразылықтардан кейін жағдай өзгерді.
2023 жылдың басында Нұрсұлтан Назарбаев «Елбасы» мәртебесінен айырылды. 2023 жылдың маусымында Сенат Қазақстанның бұрынғы президентін Жоғарғы кеңес, Зияткерлік мектептер, Назарбаев университеті және Назарбаев қорының басшысы мәртебесінен айыратын түзетулерді қабылдады.