Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:44, 07 Тамыз 2023

Elorda eco system директоры қызметінен босатылды

None
None

Қаланың нөсерлі кәріз жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі және салдарынан кейбір учаскелерді су басқаны үшін «Elorda eco system» директоры Тимур Шоданов қызметінен босатылды.

Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады.

«Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Elorda eco system» алдына жер үсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шаралар жүргізу міндеті қойылды: коллекторлар мен жаңбыр суын қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау, нөсерлі кәріз желісінің қуатын ұлғайту және т.б», — делінген хабарламада.

Әкімдіктің айтуынша, 2023 жылы жер үсті ағын суын бұру үшін 2,5 км магистральдық нөсер кәріз желісін салу жоспарланып отыр. Мәселен осыған дейін 200-ден астам проблемалы учаскеде су тасқыны мәселесі шешілген болатын.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Астана көшелерінің су басқан көрінісі таралған болатын.

Тегтер: