«Елорда құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды»: ақпарат расталды

«Елорда құрылыс компаниясы» мемлекеттік құрылыс компаниясында жемқорлық фактісі бойынша тергеу жүргізілуде
Астана прокуратурасы «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС жұмысына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады, деп хабарлайды zhasalash.kz kaztag.kz-ке сілтеме жасап.
"Астана қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп – тексеру басқармасы ЖШС ("Елорда құрылыс компаниясы) қызметі бойынша лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде", - деп хабарлады елордалық прокуратура.
Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда Астанада "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС-де сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны белгілі болды. Қылмыстық іс Т30 млрд-қа жуық шығын және елорда тұрғындарының көптеген шағымдары аясында жүргізілген тексерістен кейін жүргізілді.