Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:38, 15 Шілде 2022

Елордада жұмыссыздық мәселесі шешімін тауып келеді

None
None

Жұмыссыздық мәселесі еліміздегі басты мәселелердің бірі болып тұрғаны бәрімізге мәлім.

Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуы өте қиын жағдай. Осы орайда Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі бұл мәселені қолға алып, көптеген жандарға үміт отын сыйлады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің қаулысымен биылғы жылы мүгедек, не жұмысқа жарамсыз мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру үшін қала ұйымдарындағы бос жұмыс орындарына квоталар жұмыскерлердің тізімдік санының 2-ден 4 пайызға дейінгі мөлшерде белгіленгендігін, онымен қоса 915 жұмыс берушіде 6686 бос орын бар екенін хабарлаған болатын.

Нәтижесінде, биылғы жылдың басынан бастап, Нұр-Сұлтанда жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының аясында 450 мүгедек адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқан 174 адам. Ал жастар практикасына 5 адам, қоғамдық жұмыстарға 255, алғашқы жұмыс орнына 3 адам және «Күміс жас» жобасы бойынша 1 адамжұмысқа орналастырылды. Одан бөлек, қысқа мерзімді кусртарға 7 адам жіберілді.  Осылайша, мүмкіндігі шектеулі жандардың біразы жұмысқа орналастырылды. Тағы бір айта кетерлігі,  енді «Электронды еңбек биржасы» интернет-порталы арқылы мүмкіндігі шектеулі жандардарға жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылған. Осы портал бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру үшін 467 бос орынға 116 хабарландыру орналастырылған.

Мүмкіндігі шектеулі жандардан бөлек, елордада арнайы экономикалық аймақта 5908 жұмыс орны жарияланды. Бұған дейін эекономикалық аймақтың екеуі жұмыс істейді. Бірі – «Астана – жаңа қала» және «Астана –Технополис» деп аталады. Астана Invest  үшін аталған қос аймақтың ауқымын кеңейту жаңа бағыт болып отыр. Алдағы уақытта қалалық инвестицияларды дамыту орталығыотандық және шетелдік инвесторларды тарту жұмыстарын кешенді түрде жалғастыратын болады.

Бұл жөнінде Астана Invest  ЖШС АЭА дамыту жөніндегі директоры Дияяр Асқаров былай деп пікірін білдірді.

–42 миллиард теңге сомасына 46 жоба жүзеге асырылып келеді. барлық кезеңде салынған инвестициялар көлемі 207 миллиадрд теңгені құрайды. Ал биылғы 2022 жылдың алғашқы тоқсанында 3,5 миллиард теңге құрады. Барлық кезеңдегі салық аударымдарының көлемі 136 миллиард теңге, осы жылдың бірінші тоқсанында 7,1 миллиард теңгені құрайды. Сондай-ақ жоба 33 басым іс-шараны қамтиды. Мысал ретінде, тамақ өндірісі, фармацевтикалық препараттар, шыны және өзге де металл емес өнімдер, түрлі металл бұйымдар, денсаулық саласындағы қызмет бойынша жұмысқа бос жұмыс орындарын жариялаймыз. Бұның барлығы бас шаһардың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығын жеделдетіп салу, сондай-ақ өнеркәсіпті дамыту «Астана – жаңа қала» жобасының аясында жасалынбақ,  –дейді.

Сондай-ақ «Астана –Технополис» жұмысына инвестицияларды тарту, қолда бар және сырттан әкелінген озық технологияларды пайдалану және пайдаға тарту міндеті кіретінін айта кеткен жөн.  Осы аталған жағдайдың барлығы жоғарыда аталған арнайы екі экономикалық аймақ базасында NURIS инновациялық кластерінің технопаркінде орналстырылған. Ол кешен 4 мың шаршы метр пайдалы алаңы бар кеңселік және зертханалық кешенді құрайды.

Тағы бір айта кетерлік жаңалық, елордада оқуын жаңадан бітірген жастар мен кәсіпкерлерге арнайы бос жұмыс орындлары жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге алпысқа жуық кәсіпорын жұмыс ұсынған. Яғни, ұсынған кәсіпорындар жоғары оқу орындарын бітірген студенттерді өз штатына ресми түрдле қабылдауға дайын компаниялаар десек те болады.  сондай-ақ жұмыс жәрмеңкесіндегі шарттарға 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарға басымдық берілген.

Бүгінгі күні елордадағы жастарды жұмыспен қамту күн тәртібіндегі маңызды мәселе болып отыр. Биыл бұл істі мүмкіндігінше жолға қоюға әлі де көп күшжұмсалуы тиіс екені де айтылып келеді.  соған сәйкес,  елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіліп, еңбек өтілі жоқ жастарға да жұмыс істеуіне үлкен мүмкіндіктер туғанын аңғарамыз.

Бұған дейінде елордада бос жұмыс жәрменкелері өткізілі тұратынын көпшілік біледі. Осыған байланысты қала әкімдігі қаланың ведомствалық бағынысты ұйымдарымен бірлесе отырып,  жастар мен жоғары оқу орындарын бітірген жастарға бос орындар жәрменкесін ұсынды. Яғни, кадр іздеп жүрген 60-тан аса мекемелер мыңға жуық жұмыс орындарын жариялаған. Олардың ішінде өнеркәсім, туризм және сауда саласындағы ірі бизнес өкілдері бар. аталған мекемелер бос жұмыс орындары толықпайынша, алдағы уақытта да жәрмеңкеге бос жұмыс орындарын жариялайтындығын хабарлайды.

Тегтер: