Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:09, 09 Қыркүйек 2024

Тоқаевтың қарындасы Қазақстандағы ең ықпалды әйелдердің тізіміне енді

в
Фото: Forbes Woman Kazakhstan

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарындасы Қарлыға Ізбастина Forbes Woman Kazakhstan журналы әзірлеген елдегі ең ықпалды әйелдер рейтингіне енді.

Forbes Woman Kazakhstan журналы ең ықпалды әйелдер тізімін алғаш рет ұсынды. Бұл рейтингте 17-орында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарындасы Қарлыға Ізбастина тұр. Журналистер Ізбастинаның әкесі Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы екенін жазады. Ол бұрын Meerbusch және Kazakhstan Tungsten & Molybdenum компаниясы арқылы бизнес жасаған.

«Менің ойымша, рейтингтің көшбасшысы Үміт Шаяхметова (Халық банкінің басшысы) екені ешкімді таң қалдырмайды», - деп жазды Forbes Woman Kazakhstan журналының бас директоры Зульфия Хайбуллина.

Шаяхметовадан басқа, рейтингте қаржы секторын Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова (2-орын), «Отбасы банкінің» басшысы Ләззат Ибрагимова (5-орын), KASE Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі Алина Алдамберген (11-орын) және т.б. бар. Ал, 4-орыннан қазір Мәдениет және ақпарат министрлігін басқарып отырған Аида Балаеваны көруге болады.

Одан бөлек, рейтингке Алматыны басқарып отырған Ерболат Досаевтың жұбайы да енген. Оның әйелі Гүлнәр Досаева рейтингте 18-орында. Оның профилінде Досаева Dar қайырымдылық қорының негізін қалаушы және Lancaster Holding компаниясының тең құрылтайшысы екені айтылған. Осы холдингтің арқасында Досаева бұған дейін республикадағы ең бай адамдар тізіміне енді. 2014 жылы Forbes Kazakhstan оның байлығын 110 миллион долларға бағалаған.

Бір қызығы, рейтингке Нұрсұлтан Назарбаевтың қыздары Дариға мен Динара енбей қалған. 

Дариға Назарбаева ең бай 75 бизнесменнің ішінде 15-ші орында тұр, оның байлығы 590 миллион долларға бағаланған. Ал, Динара Құлыбаева күйеуі Тимур Құлыбаевпен бірге ең бай адамдардың қатарында екінші орында. Олардың әрқайсысы 5 миллиард долларды құрайды.

Жалпы алғанда, Қазақстандағы ең ықпалды әйелдердің бірінші рейтингіне 25 қатысушы кірді, олардың орташа жасы 51 жас. Тізімге Қазақстанның 110 танымал және беделді әйелі кіріп, олардың 42-сі таңдалды және бұл тізімді сарапшылар алты балдық жүйемен бағалаған.

Тегтер: