Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:42, 18 Қыркүйек 2024

Ең көп жемқорлық жасаған мемлекеттік органдардың тізімі жарияланды

с
Фото: gov.kz

2023 жылы Қазақстанда 1692 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Өтелген шығын көлемі 285,1 млрд теңгені құрады.

«Politprosvet.kz» Telegram-арнасы өткен жылы қызметкерлері сыбайлас жемқорлық үшін сотталған мемлекеттік органдардың тізімін жасады:

Экономикалық тергеу қызметі – 7 қызметкер;

Экология және табиғи ресурстар министрлігі – 12 қызметкер;

Денсаулық сақтау министрлігі – 13 қызметкер;

Ауыл шаруашылығы министрлігі – 17 қызметкер;

Ұлттық қауіпсіздік комитеті – 20 қызметкер;

Қорғаныс министрлігі – 27 қызметкер;

Төтенше жағдайлар министрлігі – 30 қызметкер;

Қаржы министрлігі – 38 қызметкер;

Жергілікті атқарушы органдар – әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің 175 қызметкері, оның ішінде 7 әкім;

Ішкі істер органдары – 191 қызметкер.

Ал, ең жиі кездесетін сыбайлас жемқорлық қылмыстары - пара беру (616 іс), пара алу (388), алаяқтық (233), қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану (133) және бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену (169).