Еңбек күнінің маңызы зор

Қай қоғамда болмасын еңбек адамының рөлі қашанда зор. Азаматтардың еңбегі елдің даму деңгейін айқындап, әрбір отбасының амандығын, тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін шешуші фактор болып саналады.
Қазақстан еңбеккерлерін құрметтеу тарихына тоқталайық.
Қазақстандағы Еңбек күнінің тарихы мен дәстүрлері
Ел дамуы үшін әрбір азамат еңбек етуі керек. Еңбек мұраты мен құндылықтары қоғамдық санада орнығуы, еңбек адамы жалпыға бірдей құрметке ие болуы қоғамдағы қажетті факторлар.
Еңбек күнінің тарихы қандай?
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті 2013 жылы елімізде Еңбек күнін атап өту туралы бастама көтерген болатын. Кейін ел үкіметінің Қаулысымен Мереке күндерінің тізбесіне жаңа мереке қосылып, оны атап өту уақыты белгіленді.
Қазақстандағы Еңбек күні қашан?
Ол күздің бірінші айының соңғы жексенбісінде тойланады. Биыл ел 25 қыркүйекте еңбеккерлердің мерекесі аталып өтілмек.
Еңбек күнінің мәні неде?
Мереке еңбек әлеміндегі дәстүрлер мен заманауи проблемаларды еске түсіруге арналған:
• жалпыға ортақ еңбектің экономика мен жалпы қоғамның дамуы, елдің гүлденуі үшін рөлі;
• жұмысшы мамандықтарына құрметпен қарауды жаңғырту;
• жастардың еңбекке деген құрметін қалыптастыру;
• еңбек мәдениетін дамытудың маңыздылығы. Әрине, бір мереке күнінде мұндай мәселелер шешілмейді. Бұл қажеттіліктер мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының біріне айналды. Ол келесі негізгі құжаттарға негізделеді:
1. 2015 жылы қарашада қабылданған ҚР Еңбек кодексі. Оның мақсаты – еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу, осы қатынастардың барлық қатысушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғау. Олар еңбек бостандығы, еңбек саласындағы адам құқықтарын шектеуге жол бермеу қағидаттарына негізделген. Жұмыс істейтін адамның өмірі мен денсаулығы, қауіпсіз еңбек жағдайларына құқығын қамтамасыз ету мәселелері басым бағыттар болып табылады.
2. 2022-2026 жылдарға арналған «Еңбек 2.0» ұлттық жобасы. Ол еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларды даярлауға, жұмысшыларды, оның ішінде жұмысынан айырылғандарды кәсіптік оқытуға көмек көрсетеді.
Қазақстанда жұмыссыздық жағдайы басқа посткеңестік елдермен салыстырғанда біршама қолайлы. Сарапшы мамандар еліміздегі жұмыссыздық деңгейі тұрақтанғанымен, жастардың айтарлықтай бөлігі үшін жұмысқа орналасу проблемалық күйінде қалып отырғанын айтады.
Елдегі еңбек адамдарына құрмет білдіру
Елімізде еңбек беделін көтеріп, еңбек адамдарына құрмет көрсету үшін тағайындалған марапаттар:
• 2008 жылғы желтоқсанда «Мемлекеттік наградалар туралы» ҚР Заңымен жаңа мемлекеттік награда бекітілді: «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы елді дамытудағы ерекше жетістіктері үшін беріледі. Осыған қоса «Алтын Жұлдыз» белгісі мен «Отан» ордені марапатталады.
• ҚР үкіметінің қаулысымен тағы бір марапат – «Еңбек ардагері» медалі тағайындалды. Онда 40 жылдық еңбек өтілі бар қызметкерлердің жетістіктері атап өтіледі.
Қазақстанда Еңбек күні қалай тойланады?
Осы жылдар ішінде елімізде, еңбек ұжымдарында, жалпы еңбек адамдарына құрмет көрсету дәстүрі қалыптасты: «Еңбек жолы» байқауы жыл сайын өткізіледі. Оған еңбек әулеттері қатысады. Кәсіпорындарда үздік жас жұмысшы, үздік тәлімгер атағын алу үшін байқаулар өткізіледі. Жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталады. Әрбір кәсіпорында үздік қызметкерлер ұжым жиналыстарында атап өтіледі. Елді мекендерде Еңбек күні мерекесіне арналған митингілер, концерттер, спорттық жарыстар дәстүрге айналған. Мұндай мерекелік шаралар жұмысшы мамандықтарының мәртебесін, еңбек адамының беделін көтерері анық.