Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
22:36, 14 Сәуір 2022

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы кәсіпкерлікті дамытуға басымдық береді

None
None

Еңбек министрлігі халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстарының дағдыларын жетілдіру және жастарды кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізеді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов бағдарламаның 38 іс-шарасы ведомствоның қатысуымен іске асырылатынын, оның 17-ін министрлік тікелей жүзеге асыратынын айтты.

    «Бірінші кезекте, іс-шаралар жұмыс орындарын құруға және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды көлеңкеден шығаруға бағытталған. Қызмет көрсету саласында 900 мыңға жуық адам жұмыс істейді, олардың бір бөлігі заңнан тыс қызмет көрсетеді. Яғни бір реттік қызмет көрсетеді және көп жағдайда олар тапсырыс берушіден қорғалмайды. «Платформалық жұмыспен қамту». Қазіргі уақытта ол тестіленуде, биыл енгізілетін болады. Бұл мысалы, үйді тазарту, қорғау, азық-түлік жеткізу сияқты қызмет көрсететін адамдарға осы қосымшада тіркеліп, тез және ыңғайлы тапсырыс табуға мүмкіндік береді. Қосымшада тараптардың құқықтары мен міндеттері, орындаушының еңбек құқықтарын қорғау көзделетін қысқартылған шарт қарастырылады. Бұл көлеңкедегі адамдарға кәсіпкерлік ортаны қалыпты деңгейге шығаруға және аударуға мүмкіндік береді, осылайша, олар оңай тіркеліп, салық төлей алады», – деді Ержан Біржанов. Сондай-ақ 3-ші және 4-ші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квота 4,7 мың адамға қысқартылатын болады. Бұл шаралар халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға және ішкі еңбек нарығын қорғауға мүмкіндік береді.

2021 жылғы қазанда мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жобалық басқару жүйесін енгізе отырып, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жаңа Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қайта форматталды.  Жоба бойынша өңірлерде жаңа жұмыс орындары құрылып, жыл сайын 700 мың адамды жұмысқа жәрдемдесу шараларымен тарту көзделген. Оның ішінде, 36 мың адам кәсіптік оқытумен қамтылады, 50 мың адамға кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шаралар көрсетіледі, 97,6 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылады. 2022 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша 115,6 мың адам осы шараларға тартылды, оның ішінде – 31,6 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 36,4 мың адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді, бұл мемлекет тарапынан қаржыландырылатын жұмыс, 8 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тартылды, 3,3 мың адам жастар практикасына жіберілді, 326 адам «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары аясында жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар биыл президент «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша қатысу кезеңі мен жалақыны арттыруды, сондай-ақ бизнес-идеяларды дамыту үшін гранттар мөлшерін 400 АЕК-ке дейін ұлғайтуды тапсырды. Сондай-ақ өңірлерде жыл сайын 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын құру. Халық санының өсуін ескере отырып, негізінен, 2025 жылға дейін 780 мың жұмыс орны ашылады. Бұған қоса, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында мемлекет басшысы өңірлік жұмыспен қамту карталары арқылы жұмыс орындарын құру цифрлық форматта мониторингін қамтамасыз етуді тапсырды. 2020 жылдан бастап, ұстаздардың жалақысы кезең-кезеңмен көтеріле бастады. 2021 жылдан бастап, Медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы көтерілді. Нәтижесінде, 2023 жылға қарай олардың жалақысы 2 есеге артады. Ал 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап, ең төменгі жалақы мөлшері 41 пайызға өсті, бұл шамамен, 1 млн 650 мың адамның табысының өсуіне алып келді.

Жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды іске асыру шеңберінде 2022 жылғы ақпанда Еңбек министрлігі тиісті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдады. «Жастар практикасына қатысу кезеңі 6 айдан 12 айға дейін, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 12-ден 18 айға дейін ұзартылды. Жастар практикасына қатысушылардың жалақысы 20 пайызға, яғни 25-тен 30 АЕК-ке дейін, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысушылардың жалақысы 50 пайызға, яғни 20-дан 30 АЕК-ке дейін өсті. Бұл 90 мың теңге көлемінде. Бұл мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы. Бұған қоса, жұмыс беруші төлем жасаса, бұл көрсеткіш 100 мыңнан асуы мүмкін. Сондай-ақ жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар мөлшері 200-ден 400 АЕК-ке, яғни 1,2 млн теңгеге дейін 2 есеге ұлғайды.

Көбіне жастар жұмыспен қамту орталығына бармайды, қызмет алуға бармайды, оқыту мәселелері бойынша жүгінбейді. Сондықтан көмекке мұқтаж, жұмысқа орналаспаған, оқымайтын адамдарды әлеуметтік портрет бойынша анықтауға мүмкіндік беретін «Ерте анықтау жүйесі» енгізілді. Жұмыспен қамту орталықтары өтініш беру сипатындағы қызметтерді көрсетуге (оларға келген, тіркелген кезде) бағдарланған болатын, биылдан бастап, мұндай тұлғалар анықталады, олар смс-хабарламалар, хабарламалар арқылы хабардар етіледі, онлайн режимде қызмет көрсетіледі, қысқа мерзімді курстар өткізіледі немесе қоғамдық жұмыстарға тартылады. 

Сондай-ақ жастарды жұмысқа тарту және ынталандыру үшін – еңбек заңнамасына «жас қызметкер» ұғымын енгізу, олар үшін сынақ мерзімін алып тастау, басқа өңірлерден келген жастар үшін тұрғын үй жалдауға көтерме жәрдемақы енгізу жоспарланды. Көпбалалы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін барлық өңірлерде қолданыстағы үлгідегі әйелдерді қолдау орталықтарын құру көзделген. Бұл орталықтарда жыл сайын 20 мыңға жуық әйелге кешенді қолдау көрсетілетін болады.

Тегтер: