Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:00, 11 Ақпан 2026

Енді Ауғанстанда күйеуінің рұқсатынсыз төркініне барған әйелдер жазаланады

Ауғанстан
Фото: ашық дереккөз

Ауғанстанда «Талибан» қозғалысы жаңа Қылмыстық кодексті ресми түрде қабылдады.

Бұл құжат халықаралық ұйымдар мен құқық қорғаушылар тарапынан қатты сынға ұшырады. Сарапшылардың айтуынша, кодексте әйелдер мен балалардың негізгі құқықтары елеулі түрде шектеліп, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты нормалар іс жүзінде заңдастырылған.

Мамандар ерекше назар аударған 32-бапта ерлі-зайыптылар арасындағы зорлық мәселесі қарастырылған. Онда «әдепсіз күш қолдану» арқылы әйелін ұрып-соққан ер адам (көрінетін жаралар немесе көгерулер болған жағдайда) небәрі 15 тәулікке түрмеге қамалуы мүмкін. Десе де, бұл жаза әйел сотта зорлық фактісін дәлелдеген жағдайда ғана қолданылады.

Сонымен қатар 34-бап бойынша күйеуінің рұқсатынсыз төркініне барған әйел және оны қайта жібермеген туыстары үш айға дейін түрме жазасына тартылады. Кодексте жеке құқықтардан гөрі әлеуметтік бақылау мен патриархаттық жүйе басымдыққа қойылғаны айтылады. 

Бұл әйелдердің жүріп-тұруына, қарым-қатынасына, отбасылық шешімдеріне және жеке сенімдеріне қатаң шектеу қояды, ал зорлық-зомбылықтан қорғану мүмкіндігі шектеулі.

Дінге қатысты нормалар да қатаң. 58-бап бойынша исламнан бас тартқан әйел өмір бойына түрмеге қамалып, тәубесіне келгенге дейін әр үш күн сайын 10 дүре соғылуы мүмкін. 

Тегтер: