Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:32, 14 Маусым 2024

Енді денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынады

IIM
Фото: ortkom

Әйел құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңмен шаралар кешенін қабылдау бекітіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зулхаиров айтты.

Оның айтуынша, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру мен ұрып-соғуды қылмыс деп тану түбегейлі өзгеріс болып табылады. 

Енді денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу не түзеу жұмыстары, не 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 50 тәулікке дейін қамауға алу көзделген.

Кәмелетке толмаған немесе тәуелді адамға қатысты мұндай әрекеттер бірнеше рет қайталанған жағдайда, құқық бұзушы 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. ІІМ полиция қызметкерлерін ҚР әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Заңын орындауға дайындау бойынша шаралар қабылдады.

«Біз мұндай жағдайларға ден қою және тергеу алгоритмін, әдістемелік ұсыныстарды, іс жүргізу құжаттарының бланкілерін әзірледік. Барлық қызметкерлер тиісті дайындықтан өтті», - деді спикер.