Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:13, 20 Наурыз 2024

Енді елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға штаттан тыс кеңесші тағайындалады

ss
Фото: из открытых источников

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға мүгедектік мәлелері бойынша штаттан тыс кеңесші тағайындалады. 

Енді елімізде мүгедектік мәселелері бойынша министрлердің, аудандардың, қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілерін тағайындау қағидалары әзірленді. Құжат «Ашық НҚА» порталында 2024 жылғы 5 сәуірге дейін жария талқылау үшін орналастырылған.

Кеңесші қызметінің мақсаты республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау және қабылдау кезінде мүгедектігі бар адамдардың заңды мүдделерін білдіру және олардың пікірін ескеруді қамтамасыз ету болып табылады.

Ережеге сәйкес мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және мүмкіндіктерін кеңейту саласында кемінде бес жыл қоғамдық және өзге де жұмыс тәжірибесі бар, жергілікті деңгейде кеңесші таңдаған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын, кемінде 18 жастағы ҚР азаматы кеңесші болып тағайындалуы мүмкін.

Кеңесші бірінші басшының алдында, сондай-ақ республикалық немесе өңірлік деңгейде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің алдында есеп береді және жауапты болады.

Кеңесшінің өкілеттік мерзімі – үш жыл. Бір адам қатарынан екі реттен артық кеңесші бола алмайды.

Кеңесші лауазымына кандидатураларды мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ азаматтар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынады.

Кеңесші кандидат:

1) мемлекеттік лауазымды атқаратын адам, азаматтық қызметші, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, судья;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы;

3) заңда белгіленген тәртіппен сот:

әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тануға;

сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлідеп тануға;

4) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда психикалық, мінез-құлық бұзылыстарына (ауруларына), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты есепте тұруы болмауы керек.

Үміткерлер келесі жағдайлардың бірі болған жағдайда конкурсқа жіберілмейді:

1) осы Қағидалардың 3, 14-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

2) осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылмауы;

3) дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну.

Ең көп дауыс жинаған кандидат кеңесші лауазымына ұсынылған болып саналады. Бірдей дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобының басшысы шешуші дауыс құқығын өзіне қалдыратын бірінші басшыға ұсыныс енгізеді.

Кеңесші келесі жағдайларда өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтатады:

- кеңесшінің жеке бастамасы;

- соттың оны әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тануы;

- соттың оны хабар-ошарсыз кетті деп тануы немесе қайтыс болды деп жариялауы;

- оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету;

- кеңесші қызметінің тиімділігін бағалау негізінде белгіленген функционалдық міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау;

- мемлекеттік, азаматтық қызметке кіру, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болып сайлану, судья болып тағайындалу;

- өкілеттік мерзімінің аяқталуы.

Кеңесшіні тағайындау рәсімі осы Қағидаларда көзделген тәртіпке сәйкес қазіргі кеңесшінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын басталады.