Енді мемлекеттік мекемелердің басшыларына кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат берілуі мүмкін
Сенат мемлекеттік қызметкерлердің қызметіне қатысты заң жобасын мақұлдады.
Жаңа нормаға сәйкес, мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғаларға кәсіпкерлікпен және өзге де ақылы қызметпен айналысуға мүмкіндік қарастырылған. Алайда бұл барлық қызметкерлерге бірдей қатысты емес.
Кәсіпкерлікпен айналысу құқығы төмендегі тұлғаларға берілмейді:
- кәсіби, тұрақты негізде жұмыс істейтін аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне;
- Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметкерлеріне, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өкілдеріне;
- ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың басшыларына.
Заң талаптарына сәйкес, кәсіпкерлік қызметке тек лауазымдық міндеттерге кедергі келтірмеген, мемлекеттік мүлік пайдаланылмаған және мүдделер қақтығысы туындамаған жағдайда ғана рұқсат етіледі.