15:39, 15 Қазан 2024
Енді үкімет порталында адамның жеке деректерін толығымен жоюға болады
Қазақстандықтарға дербес деректерін өңдеуге берген келісімін қайтарып алуға мүмкіндік берілуі мүмкін.
Бұл бастаманы ҚР ЦДИАӨМ пысықтап жатыр.
«Біз электрондық үкімет порталы арқылы азаматтың жеке дербес деректерін өңдеуге берген келісімін қайтарып алу мүмкіндігі функциясын іске қоспақпыз. Бұдан басқа, азаматтың қалауы бойынша оның дербес деректері толығымен жойылуға тиіс - қолжетімділікті тоқтатып қана қоймай, дерекқордан толығымен жойылуы керек деген жеке түйме болады», - деді Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Абдикаликов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.