Энергетикалық дипломатия: Қазақстан әлемдік энергетикалық нарықтағы негізгі ойыншы ретінде
Бүгінгі таңда әлем елдеріндегі энергетика мәселелері мемлекеттер арасындағы сыртқы саяси стратегияларды анықтауда маңызды рөл атқарады. Сондай стратегияларды жүзеге асырудың негізгі тетіктерінің бірі – энергетикалық дипломатия.
Бұл тұста геосаясат екі елдің арасындағы өзара тиімді келіссөздер мен ынтымақтастық, бітімгершілікке келтіру мақсатында дипломатиялық құралдар мен әдістердің бағытын үйлестіреді. Энергетикалық дипломатия да энергетикалық қауіпсіздікпен, энергетикалық нарықтармен, сондай-ақ энергия өнеркәсібі салаларымен қатар халықаралық энергетикалық құқықтың дамуын сипаттайтын сыртқы энергетикалық саясат жөніндегі мәселелердің құрамына кіреді.
Қазақстандағы энергетика саласының дамуы өз ішінде бірнеше кезеңдерді құрайды. Алғашқы кезеңдерде ірі электр станциялары салынса, екінші кезеңде ірі энергетикалық жүйелер құрылған. Ал үшінші кезеңде энергетикалық база дамып, аймақтық энергетикалық жүйелер қалыптасқан. Осылайша, жалпы облыстар мен аудандар, елді-мекендер толық электр қуатымен қамтамасыз етіліп, Қазақстан өзге елге экспортқа шығаратындай деңгейге жетті. АСЭС еліміздің Алматы, Қарағанды, Петропавл, Жамбыл, Павлодар қалаларында салынып, қарқынды даму жолына түсті. Сондай-ақ Қапшағай мен Бұқтырма, Өскеменде ірі СЭС салынып, пайдалануға берілді.
Қазақстанның энергетикалық саясаты
Қазақстан энергетикалық ресурстарға әсіресе мұнай мен газға, уранға өте бай ел, сондықтан жаһандық энергиямен қамтамасыз етуге Қазақстан елеулі әсер етеді. Еліміздің тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің Азия мен Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігінің кепілі болатынын мәлімдеген болатын. Бүгінгі таңда Қазақстан энергетикамен өзге елді қамтамасыз етіп, тығыз бітімгершілік, дипломатиялық қарым қатынастар жасап отыр, Сондай-ақ еліміз қазіргі таңда энергетикалық қауіпсіздік, нарық және саланың тұрақты дамуын қолдау мәселелерімен айналысатын Inogate энергетикалық бағдарламасының серіктесі болып табылады. БҰҰ ережелеріне сәйкес тұрақты даму экологиялық қауіпсіздікті сақтай отырып, экономикалық өсуді болжайды. Қазақстан үкіметі 2004 жылдан бастап ЕО-пен өзара меморандумжарға қол қойды, яғни бұл энергетикалық қауіпсіздік саласында басқа елдермен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. 2006 жылы 3 қазанда Ресеймен өзара ынтымақтастық орнатса, 2007 жылы 12 мамырда Орталық Азия газын Еуропаға экспорттау туралы келісімге келді.
Қорытындылай келе, энергетика саласындағы Қазақстан әлемдік аренада негізгі ойыншылардың бірі болып, тұрақты дамуды сақтайтын саясат ұстанады.